«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Бюджет қаржысы бөлінді

Бюджет қаржысы бөлінді
ашық дереккөз
Бюджет қаржысы бөлінді

оны енді тиімді жұмсап, көп жұмыс бітіруге болады

Алтыншы шақырылған облыстық мәслихатының кезектен тыс, қырық алтыншы сессиясында «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 12 желтоқсандағы №41-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Сессияда облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндама жасады. Ол депутаттардың қарауына 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау жобасын ұсынды. – Нақтылау нәтижесінде республикалық бюджеттен қосымша 47 525 354 мың теңге трансферттер, оның ішінде ағымдағы нысаналы трансферттер – 33 522 954 мың теңге, нысаналы даму трансферттері – 14 002 400 мың теңге көлемінде қарастырылды. Нысаналы даму трансферттері бойынша: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде барлығы 15 969 100 мың теңге, оның ішінде тұрғын үйді салуға және қайта жаңғыртуға – 5 713 333 мың теңге, сумен жабдықтау жүйесін салуға және қайта жаңартуға – 9 510 398 миллион теңге, Тараз қаласы Төле би, Әйтиев көшелерінен Д. Қонаев көшесіне ЖҚ-124 ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғыртуға – 409 269 мың теңге, Қордай ауылындағы «Батыс» тұрғын алабына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына (қиыршық тас жолдары) – 336 100 мың теңге, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында 2 333 392 мың теңге бөлінді, – деген басқарма басшысы ағымдағы нысаналы трансферттер туралы да айтып өтті. Мысалы, төтенше жағдай кезеңінде күшейтілген режімде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз еткен ішкі істер органдарының 1260 қызметкеріне сыйақы төлеуге 151 107 мың теңге, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 150 000 000 теңге, басым дақылдардың өндірісін субсидиялауға 482 000 000 теңге, тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда) құнын субсидиялауға 250 000 000 теңге, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге 2 233 514 мың теңге, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға 700 000 000 теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2 000 000 000 теңге қарастырылған екен. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге 2 152 633 мың теңге бөлінбекші. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, жастар саясаты сынды сан салаға тиесілі қаржы сомасы да аталып, депутаттар тарапынан талқыланды. Сессия соңында халық қалаулылары назарға ұсынылған мәселені бірауыздан қолдап, шешім шығарды.

Маржан Рақай

Ұқсас жаңалықтар