Сенат Төрағасы Қ.Тоқаев Франция Сенатының делегациясын қабылдады
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2014
- 491
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Франция - Орталық Азия» достық тобының төрағасы Андре Дюлэ бастаған Франция Республикасы Сенатының делегациясын қабылдады.
Қазақстан Сенатының төрағасы Қазақстан мен Францияның түрлі салалардағы ынтымақтастығының қарқынды дамуына көңілі толатындығын білдірді. Парламентаралық байланыстарға қатысты Қ.Тоқаев екіжақты үнқатысуды кеңейту үшін екі елдің Парламенттерінде жұмыс істеп келе жатқан «Франция-Қазақстан» достық тобының әлеуетін белсенді дамыту қажет екенін атап өтті. Қ.Тоқаевтың пікірінше, Қазақстан мен Франция депутаттарының өзара іс-қимылының зор маңызы бар.
А.Дюлэ, сондай-ақ, парламенттік ынтымақтастық топтарының өзара іс-қимылының маңызды екенін атап өтіп, қазақстандық сенаторларды Францияға шақырды.
Жоғарғы Палатаның басшысы француз әріптестерін еліміздің жоғары заң шығару органының қызметі және Сенатқа сайлау науқанының барысы туралы хабардар етті.
Ақпарат көзі http://kazinform.kz/
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




