ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында өткен жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьялар ант қабылдады, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Ант қабылдау рәсіміне Қызылорда облыстық сотының төрағасы Н.М.Қайырбеков, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыс орталығында орналасқан соттардың төрағалары мен судьялары, облыстық соттың кеңсе басшысы мен орынбасары қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамызында № 899 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьялар: Қызылорда қалалық сотына - Абылайқызы Зәбира, Тоғызбаева Меруерт Қожабекқызы, Арал аудандық сотына - Мұратбекұлы Данияр, Жаңақорған аудандық сотына - Елшібеков Бақытбек, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына - Байболатова Алуа Салауатқызы, Өтегенова Сәуле Бакуқызы, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Біржанов Қайратбек Маханбетұлы ант қабылдай отырып, азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды құқықтарын қорғау жолында бар күш-жігерлерін салып, адал қызмет атқаруға міндет алды.
Өз кезегінде облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков жаңадан тағайындалған судьяларды құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс пен сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі http://kazinform.kz/
Ұқсас жаңалықтар
Таразда 16 ойын-сауық орнының иесі жауапкершілікке тартылды
- 3 наурыз, 2026
Луговой жылқы зауыты: Әбіқаев пен Базаралиев соттасып жатыр
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




