Сәрсенбі, 1 сәуір күні облыста коронавирус ауруының 2 жаңа дерегі анықталды. Ауырғандардың бірі Тараз қаласының 41 жасар тұрғыны. Ол «Қызылорда-Петропавл» пойызында Түркістан облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болған. Онымен жақын байланыста болған 8 адам карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирусқа талдаулар алынды. Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған «Қызылорда-Петропавл» пойызының 7 жолаушысы анықталып, карантинге алынды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті. Анықталған екінші науқас Жамбыл ауданының 1991 жылы туған тұрғыны болып табылады. Ол 30 наурыз күні Ресей Федерациясынан өңірге оралған. Ол елге келген соң бекітілген алгоритмге сәйкес карантиндік стационарға жатқызылған. Талдау қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға ауыстырылды. Екі емделушінің де жағдайы қанағаттанарлық, ауру жеңіл дәрежеде өтуде. Хаттамаға сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілуде. Санитарлық-эпидемиялық қызметтің мамандары олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстарын жүргізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




