Саясат
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС АУРУЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ ЕКІ ЖАҢА ДЕРЕГІ ТУРАЛЫ
- author «Ақ жол»
- 2 сәуір, 2020
- 209

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС АУРУЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ ЕКІ ЖАҢА ДЕРЕГІ ТУРАЛЫ
⠀Сәрсенбі, 1 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус ауруының 2 жаңа оқиғасы анықталды.
⠀
Ауырғандардың бірі Тараз қаласының 41 жасар тұрғыны. Ол "Қызылорда-Петропавл" пойызында Түркістан облысының тұрғынымен қарым-қатынаста болған. ⠀
Онымен жақын байланыста болған 8 адам карантиндік стационарға орналастырылып, коронавирусқа талдаулар алынды.
⠀
Сондай-ақ, бұған дейін Түркістан облысының тұрғынымен байланыста болған "Қызылорда-Петропавл" пойызының 7 жолаушысы анықталып, карантинге алынды. Олардың талдаулары теріс нәтиже көрсетті.
⠀
Анықталған екінші науқас Жамбыл ауданының 1991 жылы туған тұрғыны болып табылады. Ол 30 наурыз күні Ресей Федерациясынан өңірге оралған.
⠀
Тұрғын елге келген соң бекітілген алгоритмге сәйкес карантиндік стационарға жатқызылған. Талдаулар қорытындысы оң нәтиже көрсеткеннен кейін инфекциялық стационарға ауыстырылды.
⠀
Екі емделушінің де жағдайы қанағаттанарлық, ауру жеңіл дәрежеде өтуде. Хаттамаға сәйкес қажетті емдеу шаралары жүргізілуде.
⠀
Санитарлық-эпидемиялық қызметтер олардың тұрғылықты және барған жерлері бойынша дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы әкімдігі
Ұқсас жаңалықтар
Елде елеулі оқиғалар легі жалғасуда
- 1 мамыр, 2025
Мемлекеттік тіл - этносаралық қатынас тілі
- 26 сәуір, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді