Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың өңір тұрғындарына ҮНДЕУІ
Құрметті жамбылдықтар!
⠀
Сіздер коронавирус пандемиясы салдарынан бүкіл әлемдегі жағдайдың қалай тез өзгеріп жатқандығын көріп отырсыздар. Еліміздің барлық аймақтарында дерлік инфекцияны жұқтырудың фактілері тіркелді.
⠀
Біздің басты міндетіміз – індеттің таралуына жол бермеу, азаматтарымыздың денсаулығын барынша қорғау. Осы орайда бұдан бұрын эпидемияға тап болған елдердің тәжірибесін ескере отырып, жұқтырғандар санының өсуін болдырмау мақсатында облысымызда шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды.
⠀
Сонымен қатар, Қордай ауданының аумағында қосымша сақтық шаралары енгізілді.
Жұртшылық пен бизнес өкілдерінің өтініштерін ескере отырып, жақын арада шектеу шараларына толықтырулар енгізіліп, тұрғындар назарына жеткізілетін болады.
⠀
Тіршілікті қамтамасыз етудің барлық құрылымдары, оның ішінде медициналық мекемелер, қоғамдық көліктер, сондай-ақ билік органдары өз жұмыстарын жалғастырады.
⠀
Азаматтардан қабылданатын шектеулер мен ұсынымдарға барынша назар аударуларын сұраймын. Олар Сіздерді және Сіздердің жақындарыңызды қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
⠀
Егер біз ағымдағы жағдайдың қаншалықты күрделі екендігін барынша түсінетін болсақ, қабылданып отырған шаралар өз нәтижесін береді. Біз жақындарымыз бен айналамыздағылар үшін өзіміздің жеке жауапкершілігімізді сезіну керекпіз.
⠀
Мен бірлік пен тұтастықтың арқасында көп ұзамай тыныш және бақытты өмір орнайды деп сенемін. Коронавирус пандемиясынан міндетті түрде өтеміз және біздің алдымызда облысымыздың дамуы мен өркендеуі жолындағы қыруар жұмыстар күтіп тұр.
⠀
Дендеріңіз сау болсын, қымбатты жерлестер!
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




