Облыстың әлеумет тік- экономикалық даму қорытындылары қаралды
- author «Ақ жол»
- 1 сәуір, 2020
- 175
Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз қызметіне кіріскеннен кейін бірден ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында экономикалық көрсеткіштердің өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен емес деңгейде қалыптастыру міндетін алға қойғаны белгілі. Алайда нақты факторларды ескере отырып, бұл орайда кейбір өндірістік көрсеткіштер бойынша төмендеу нәтижелер күтілуде. Оған экономика дамуының тежелуіне әкеп соққан коронавирустың таралуының алдын алу бойынша қабылдаған шаралар себеп болды деуге болады. Дегенмен басқа да факторлар жоқ емес. ни Олардың негізгілеріне – өнеркәсіп саласындағы «Қазфосфат» ЖШС сары фосфор шығаратын пешінің және Тараз бен Меркі ауданындағы қант зауыттары жұмыстарының тоқтағанын мысалға келтіруге болады. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жалпы өңірлік өнім көлемі бойынша нақты қорытынды мәліметтер жоқ. Дегенмен негізгі болжамдық көрсеткіштер орындалады деп күтілуде. Алайда өнеркәсіп саласындағы өсім өткен жылдағы көрсеткіш деңгейінің тек 85 процентін құрамақ. Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ерлібек Зикеев бюджет 1,6 миллиард теңгеге жуық қаржыға жетпей қалу қаупі бар екендігін жеткізді. Ведомство қызметкерлері жедел штаб режімінде жұмыс істеуде десек, олардың күш-жігері негізінен ірі кәсіптердің қызметін камералдық бақылауға бағытталған. Өңір басшысы бюджеттің кіріс бөлігін толықтырудың қосымша көздерін іздестіруді, соның ішінде 2,7 миллиард теңгеден астам қаржыны құрайтын берешекке назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ ШОБ субъектілерін әкімшілендіруді күшейту, зейнетақы жарналары мен МӘМС жарналарының толық түсуін қамтамасыз ету, коммуналдық мүлік нысандарын түгендеуді аяқтау қажеттігі айтылды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева бюджет қаражатын игеру 99,3 процент деңгейінде қалыптасуы күтіліп отырғандығын мәлімдеді. Ал кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандаулет Кенжебековтің айтуынша, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша аймақ экономикасына 40,3 миллиард теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 104,7 процентті құрайды деп көзделуде. Тұрғындар экономиканың өсуін немесе құлдырауының басты көрсеткішін азық-түлік бағасы бойынша саралайды. Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеровтің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің 5-еуі бойынша баға өскендігі байқалса, картоп құнының 20 проценттен астам қымбаттауы тіркелген. – Баға мониторингі бойынша мобильдік топтарды не үшін құрдық? Көкөніс, қант, яғни өзіміз өндіретін өнімдердің бағасы өскен. Ешкім бағаның қымбаттау себептеріне талдау жасамайды. Тиісті басқармалар тек ақпарат жинаумен және фактілерді анықтаумен айналысады. Неге фермерлердің қоймаларындағы азық-түлік қорына талдау жүргізбейсіздер? Олардың өздеріндегі артық өнімдерін нарыққа шығару жолында жұмыс жасау керек. Бұл шараны қазір қолға алудың маңыздылығы зор, – деді өңір басшысы. Аудан әкімдерінің есептерін тыңдаған Бердібек Сапарбаев оларды салық жинау жұмыстарын жылдың соңғы тоқсанына қалдырмауға шақырып, әртүрлі әлеуметтік төлемдердің мөлшері осы түсімге байланысты екендігін баса айтты. Өңір басшысы жақын арада дағдарысқа қарсы шаралар үшін қосымша қаражат түсетініне назар аудартып, оның игерілуін он күн сайын бақылап отырудың маңыздылығын ескертті. – Қандай компаниялар жұмысқа тартылатынын, оларда техника мен мамандардың бар-жоғын нақтылап алу қажет. Негізінен бұл қаражатты жергілікті компанияларды қолдауға бағыттау қажет. Жергілікті шикізат пен құрылыс материалдарын пайдалануға талдау жүргізу, кемінде 22 мың жұмыс орнын құру керек. Сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын сапалы және уақтылы жүргізу қажет. Пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қайтару, суармалы егістікті ұлғайту және жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану мәселелеріне айрықша ден қойған абзал. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасын іске асыруды жандандыра түсу керек. Дағдарысқа қарсы шаралар цифрландыру және заманауи технологияларды пайдалану, электрондық сауданы дамыту процесін одан әрі жылдамдатуға ықпал етуі мүмкін, – деп атап өтті аймақ басшысы. – Нысандар мен қоғамдық пайдалану орындарын дезинфекциялау жұмыстарын күшейту қажет, қажет болған жағдайда бұл жұмыстарға әскери мамандар белсенді түрде тартылсын. Медициналық қызметкерлерге бір жолғы жәрдемақылар мен Үкімет тарапынан тағайындалған сыйақыларды уақтылы төлеуді әлеуметтік қызметтер барынша қарастыру керек, – деп түйіндеді сөзін Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді