Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жəне «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларынан туған міндеттерді іске асыру, қолдау аясында облыс əкімдігінің ұйымдастыруымен Таразда «КӨРПЕ FEST» мегафестивалі басталды. Мегафестивальдің ашылу салтанатына облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
– Қадірлі көпшілік! Ардақты аналар! Бүгін – үлкен мереке. Бəріміз ана алдында бас иеміз. «Əйел бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербетеді» деген сөз бар. Ардақты аналар, сіздер – қайраткерсіздер. Сіздер – үлкен кəсіпкерсіздер. Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосып жатырсыздар. Бүгін өңірімізге əйгілі этнодизайнер Ырза Тұрсынзада өзінің шеберлік сабағын өткізу үшін Таразға келіп отыр. Ырза ханымды ұзақ жылдан бері білемін. Қазақтың салт-дəстүрін дамытуға үлкен үлес қосып келеді. Сонау нəубетті ашаршылық жылдарында да, қасіретті соғыс кезінде де біздің аналарымыз, аруларымыз көрпе, көрпеше тіккен. Бір-біріне үйретіп, тәжірибе бөліскен. Бүгінгі шара сол дəстүрді қайта жаңғыртып тұр. Ырза келгенде өңіріміздің тігінші қыздарының қуанғаны, көңілдері көтеріңкі екені байқалады. Шебердің келуі жамбылдықтарға осындай күш, қайрат беріп отыр. Ырзаның Таразға келуімен өңірімізде іскер қыздар көбейеді, оның ішінде ұлттық өнердің дамуы ілгерілейді деп ойлаймыз. Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Əр отбасына береке, жақсылық тілеймін, – деді өңір басшысы Бердібек Мəшбекұлы. Мұнан соң əйгілі этнодизайнер, «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты, «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Аманат» сыйлығының Құрметті елшісі Ырза Тұрсынзада сөз сөйлеп, Таразға бұрын да келіп, тегін тəжірибе сабағын өткізгенін айта келіп, осы бастаманы жалғастыруға қолдау білдірген облыс əкімі Бердібек Мəшбекұлына алғыс білдірді. Біз фестивальға қатысушылармен де тілдестік. 25 жасында екі сəбидің анасы атанған Əйгерім Арынова Жамбыл ауданы, Қапал ауылынан келіпті. «Осы фестивальға шеберлігімді шыңдауға келдім.Мемлекеттен 505 мың теңге несие алып, оған екі тігін машинасын сатып алдым. Қапал ауылында 300 түтін бар.Бұрын тігін цехын ашқандар жоқ. Менің жұмысым табысты болар деп сенемін. Осы іс шарадан аларым көп. Ырза ханымға рахмет» деді ол. Фестиваль барысында Ырза Тұрсынзада «Аналар аманаты» атты ақысыз тренинг семинарын өткізді. Бұл фестиваль бүгін кешке мəресіне жетеді. Үздік деп танылған жеңімпаздарға арнайы сертификаттар мен 30 тігін машинасы тапсырылатын болады.
Есет Досалы
Суреттерді түсірген Ақəділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді