Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев чемпион Зүлфия Ғабидуллина мен көп балалы ана Айжарқын Сарықованы мерекемен құттықтап, үйлеріне арнайы барып, ізгі лебізін білдірді. Рио-де-Жанейрода өткен Паралимпиадалық ойындарында жүзу бойынша Алтын медаль иегері Зүлфия Ғабидуллина ешқандай қиыншылықтарға мойымай табандылық пен еңбеккештікпен өмір сүрудің жарқын үлгісі болып табылады десек, артық айтпаймыз. – Мен сізге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы құттықтауын жеткізгім келеді. Сіздің мінезіңізді, төзімділігіңіз және еңбекқорлығыңызды құрметтейміз. Сіз тек даңқты спортшы ғана емес, адам ретінде де көпке үлгісіз. Мұқтаж отбасыларға көмек көрсетіп, өз қаражатыңызға балаларға арналған спорт алаңын салдыңыз. Басқа да игі істермен айналысып келесіз, – дей келе, облыс әкімі Зүлфия Ғабидуллинаны мерекемен құттықтап, оған гүл шоғын және Мемлекет басшысының құттықтау хатын табыс етті. – Мен үшін облыс әкімінің өзі үйге келіп лебізін білдіруі, ел Президентінің құттықтау хаты тосынсый болып отыр. Арнайы көңіл бөлгені үшін шын жүректен ризамын. Сондай-ақ барша әйелдер қауымына әрдайым жарқын өмір мен ізгілік тілеймін, – деді З. Ғабидуллина. Сондай-ақ аймақ басшысы көп балалы ана Айжарқын Сарықованы да арнайы құттықтап барды. Ол бүгінде жолдасы екеуі жеті бала тәрбиелеп отыр. Бұл отбасы тұрақты түрде атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектігі және мүгедектігі бар балаға күтім жасау бойынша жәрдемақы, балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер алып тұрады. Бердібек Сапарбаев көп балалы ананы мерекесімен құттықтап, гүл шоғын табыс етті. Ал балаларына тәттілер мен жұмсақ ойыншықтар сыйлады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді