Үздіктер марапатталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыс бойынша департаментінің мәжіліс залында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиналғандарды құттықтаған аталған департамент басшысының кадр жөніндегі орынбасары полковник С. Досмағамбетов бір топ қызметкерді жедел жұмыстарында қол жеткізген оң нәтижелері, бастамашылдық пен көрсеткен табандылықтары үшін марапаттады.
Ал ҰҚК ардагерлері жас мамандарға қызметтің қиындығы мен қызықты екенін, өскелең ұрпақты шексіз сүюге, халыққа адал жұмыс істеуге бағыттайтын арнаулы мемлекеттік органның «Жас қызметкерге жадынама» мен табельдік тапаншаларын табыстады.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




