1 наурыз – «Nur Otan» партиясының құрылған күні және Алғыс айту күні қарсаңында партия жұмысына белсенді қызмет еткен азаматтар марапатталып, партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Іс-шараға партия ардагерлері мен қызметкерлері, партия облыстық филиалы жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің және Саяси кеңес мүшелері мен партия белсенділері, БПҰ төрағалары, жасотандықтар, этномәдени бірлестік және үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты. Салтанатты жиында партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат жиылғандарды қос мерекемен құттықтады. – 1 наурыз – барша партия мүшелері үшін ерекше күн. Себебі дәл осы күні партиямыз құрылды. «Nur Otan» партиясының қалыптасуы және даму тарихы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, партияның идеялық қолдаушысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Әрбір партия мүшесінің 21 жылда атқарған еңбектері зор. Мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың күш-жігері ең алдымен ауызбіршілікті нығайтуға бағытталуы тиіс. Елдігімізді қорғау – біздің тарих алдындағы, болашақ ұрпақтар алдындағы парызымыз, – деді Шәбден Тілеумұрат. Келесі кезекте облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері партия күнімен құттықтап, қазақ еліне, жеріне алғыстарын жеткізді. Соның бірі М.Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі Мухабат Турдыева: – Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған салтанатты күн. Қиын-қыстау кезде бізге арқау болып, құшағын ашып, қолдау білдірген қазақ еліне алғысымды айтамын, – деді. Сонымен қатар жиында партия қатарына қабылданған азаматтар басты міндеттерінен жаңылмай, Елбасының сенімді тірегі болып, елімізде қолға алынған жаңғырту жұмыстарына жүйелі түрде қатысатынын айтты. Жиын соңында Шәбден Тілеумұрат партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарды құттықтап, белсенді партияластардың жұмыстарына ризашылығын білдірді. Партия қатарына жаңадан қабылданған «Алтын керуен» ЖШС директоры Альбина Веймер мемлекетіміздің дамуы үшін партиямен бірге белсенді жұмыс жасайтындығын жеткізді.
«Аq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді