«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Адамзат өмірлік маңызы зор элемент тен біржола айырылғалы тұр ма?

Адамзат өмірлік  маңызы зор элемент   тен  біржола айырылғалы тұр ма?
ашық дереккөз
Адамзат өмірлік маңызы зор элемент тен біржола айырылғалы тұр ма?
Күллі әлемнің назары жаһандық жылыну мен климат өзгерісі және өзге де экологиялық проблемаларға ауғанымен адамзат тағы бір қауіптің төніп келе жатқанынан хабарсыз десе де болады. Егер адамзат бұл қатерді елемейтін болса, бұл келер ұрпақ үшін ғаламдық апатқа ұрындыруы ықтимал. Әңгіме тірі ағза үшін, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына аса қажетті фосфор туралы болып отыр. Бұл жайында ScienceAlert ақпарат көзі хабар таратты. Мәселенің мәнісі сонда – фосфор табиғатта қайтып орнына келмейтін, ол таусылған жағдайда оның орнын ештеңмен алмастыруға келмейтін элемент. Шикізаттың осынау түрінің қоры жылдан жылға таусылып барады. 40 адамнан тұратын халықаралық сарапшылар тобы ескерткендей, маңызды элементтің қоры, адамзат осы өндіру қарқынынан таймаса, ары кетсе 80 жылдан кейін таусылады. Ғалымдардың бұл бағытта жүргізген зерттеу нәтижесі Environmental Science & Technology мерзімді басылымында жарияланған. Статистикалық мәліметке жүгінсек, фосфор тыңайтқышын өндіру мөлшері соңғы 50 жылда бес есеге артқан. Адамзат санының өсуіне қарай 2050 жылға дейін фосфорға сұраныс екі есе артпақ. Фосфор дағдарысының алдын алу үшін адамзат осы бастан қам жасап, аталмыш минералды өндіру мөлшерін азайтып, шектеу қоюы керек. Ғалымдардың есебінше, фосфор өндірісіне белгілі бір шектеу қойып, үнемдеп пайдаланған күннің өзінде 400 жылға ғана жетеді екен. Фосфорды үнемдеу үшін оны қайта өңдеу жолдарын іздестіру керек. Әсіресе бұл мәселеге Қытай және Үндістан секілді экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, соған орай фосфорға сұранысы артып келе жатқан елдер назар аударуы тиіс. Өйткені Қытай мен Үндістан әлем бойынша фосфордың 45 пайызын тұтынып отыр. Фосфорға сұраныс ұдайы артып келеді, алайда оны тұтыну мәдениеті әлі қалыптаспаған. Мәселен, тыңайтқыш егістік алқабынан өзен суына тап болып, ол өз кезегінде теңіздер мен мұхиттарды ластайды. Бұл өз кезегінде теңіз суының қышқылдануына алып келеді де теңіз жануарларының қырылуына апарып соқтырады. Егер рециркуляция жүйесіне көшсек, фосфорды бір емес, 46 рет пайдалануға болады екен.

Ұқсас жаңалықтар