Саясат
Облыс әкімінің өкімімен Рүстем Рысбайұлы Дәулет Қордай ауданы әкімі қызметіне тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 24 ақпан, 2020
- 361

Облыс әкімінің өкімімен Рүстем Рысбайұлы Дәулет Қордай ауданы әкімі қызметіне тағайындалды
Ол 1974 жылы Жамбыл облысында туған. Білімі жоғары, 1996 жылы Жамбыл жоғары кәсіпкерлік мектебін «кәсіпкер-маркетолог», 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару», 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1994 жылы «Бостандық» акционерлік қоғамында қарапайым жұмысшы болып бастаған.
Әр жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, әкімі, Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының кеңесшісі, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің басқарма басшысы, «ALIT» ЖШС бас директорының орынбасары, ҚР Парламенті Сенаты төрағасы орынбасарының көмекшісі, ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Жамбыл және Шу аудандарының әкімі, Тараз қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2018 жылдың сәуір айынан бастап Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, 2019 жылғы сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарып келді.
Ұқсас жаңалықтар
Елде елеулі оқиғалар легі жалғасуда
- 1 мамыр, 2025
Мемлекеттік тіл - этносаралық қатынас тілі
- 26 сәуір, 2025
Ақпарат
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді