Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Өңір басшысы алдымен «Жамбыл су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында болып, оның жұмысымен танысты. Мекеменің жұмысымен таныстырған кәсіпорын директоры Марат Смаилов бірқатар мәселенің барын жеткізді. Өз кезегінде аймақ басшысы, бүгінгі күннің талабы – қаланың су-кәріз жүйелерін жамап-жасқау емес екендігін алға тартып, салаға талдау жасау арқылы бір жүйеге келтіру қажеттігін ескертті. Бұл бағытта, бірінші кезекте қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің аталған салаға қатысты жоспарын бекітіп, жұмысты шегелеп шешіп тастау керектігін баса айтты. Аталған жоспарды арнайы жиында қарайтындығын да тілге тиек етті. Сондай-ақ өңір басшысы облыс елді мекендеріндегі ауызсу мәселесін шешу мақсатында жаңадан құрылған бірыңғай оператордың да ісін жүйеге келтіруді тапсырды. Бұдан өзге сала мамандары мекеменің аудандардағы бөлімше қызметкерлерінің біліктілігін саралап, кадр мәселесін де тиімді шешу қажет деді. Сонымен қатар облыс әкімі А.Аққозиев көшесінде орналасқан «Саңыраулардың қазақ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Тараз оқу-өндірістік кәсіпорны» мекемесінде де болып, жұмысымен танысты. Бүгінде төсек жабдықтары мен арнайы жұмысшыларға арналған киімдер тігумен айналысатын кәсіпорынның шешілмей тұрған мәселесі – өндірілетін өнімдерге тапсырыс алу екен. Көтерілген мәселе бойынша аймақ басшысы жауапты тұлғаларға өңірдегі мекемелердің мемлекеттік тапсырысын жүйеге келтіруді тапсырды. Келесі кезекте аймақ басшысы «Асар» Жамбыл облысы мүгедектер ұйымдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігіне барды. Бірлестік жетекшілерінің проблемасына құлақ асқан аймақ басшысы «Мамыр» саябағының аумағында орналасқан ғимараттары жақын арада жөнделетінін жеткізді. Ол жөнінде бірлестік басшыларына жоспарларын дайындау керек деді. Сондай-ақ, автобекет аумағындағы Талас өзенінің бойында орналасқан көпірге техникалық тексеріс жұмыстарына қанықты. Өз кезегінде облыс әкімі жауапты тұлғаларға аталған жұмыстың сапалы және уақытында аяқталуы бойынша тиісті тапсырмалар берді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді