Тағайындау
Жамбыл облысы әкімінің
2020 жылғы 27 қаңтардағы №18-Ж/Қ өкімімен Президенттік жастар кадр резервінде тұрған Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы – бас мемлекеттік инспектор болып тағайындалды
Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы 1994 жылы туған, білімі жоғары.
2015 жылы Жоғары Бизнес мектебін – Ұлттық Луис университетін (WSB-NLU, Польша) «менеджмент», 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласындағы «Даке барлау» ЖШС-ның кадр бөлімшесінің инспекторы болып бастаған.
2012-2014 жылдары «Даке барлау» ЖШС-ның кадр бөлімшесінің басшысы, 2015-2016 жылдары Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қызмет көрсету және энергетика статистикасы басқармасының сарапшысы, 2017 жылы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Экономика, қаржы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының сарапшысы, 2017-2019 жылдары Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің сарапшысы, басшысы, 2019 жылы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы, Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Персоналды басқару және құжатайналым қызметінің басшысы қызметтерін атқарған.
2019 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмыстары басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарып келді.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді