Израилдік ғалымдар Лас-Вегас қаласында жыл сайын өтетін цифрлы және тұрмыстық техникаларға арналған Consumer Electronics Show (CES 2020) көрмесінде лазерлік сәулемен масаны табатын әрі жоятын құрылғыны көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы «New Atlas» ақпарат көзі хабар таратты. Сөз болып отырған «Bzigo» құрылғысы HD-инфрақызыл камерасы арқылы жуыр маңда ұшып жүрген жәндікті таба алады. «Bzigo»-ның келесі нұсқасы лазер сәулесімен масаның көзін жоятындай етіп жасалады деп кепілдік беріп отыр. Аталған құрылғының бағасы 169 доллар тұрады. Келесі жылы нарыққа сатылымға шығарылмақ. Бұл жаңалық енді ғана пайда болып отырған жоқ. Осыдан он жыл бұрын Нейтан Михрволд (Nathan Myhrvold) атты өнертапқыш лазер сәулесінің көмегімен масаны ұшып жүрген жерінде тауып, жойып жіберетін «Death Star» лазерлік қару ойлап тапқан болатын. Оның айтуынша, Африкада зиянкес жәндіктен жұғатын безгек ауруынан әрбір 43 секунд сайын бір бала көз жұмады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




