Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңіріміздің экономикасы оң динамикада дамып жатқаны айтылды. Мемлекет басшысына өңірлердің экономикалық көрсеткіштері туралы баяндаған ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин облыстың үздіктер қатарында екенін жеткізді. «Әрбір өңір ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. 2019 жылдың қорытындысына сәйкес 7 көрсеткіш бойынша 8 өңірде — Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша озық өсу қарқыны қамтамасыз етілді», – деді А.Мамин өз сөзінде. Сондай-ақ Асқар Ұзақбайұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен бірлесіп жеті өңірде, соның ішінде біздің облыста да көп бейінді аурухана іске қосылатынын жеткізді. Көп бейінді аурухананың арқасында өңірдегі науқас азаматтарға қажетті ем-шара жасаумен қатар, көптеген ауру түрлерінің асқынуына жол бермей, алдын алуға мол мүмкіндік ашылмақ. Ендігі мақсат – ауруханаларды білікті мамандармен толықтырып, халыққа сұранысына сай сапалы қызмет көрсету. Оның үстіне биылдан бастап іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде жұмыс істеуге медицина нысандары да дайын болуы тиіс. Айта кетейік, бүгінде құны 13,9 миллиард теңгені құрайтын 200 төсекке арналған онкологиялық диспансердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жаңа аурухананың құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Абай Нұржанов, облыстық онкологиялық аурухананың бас дәрігері, облыстық мәслихаттың депутаты.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді