«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Партиялық бақылау күшейтіледі

Партиялық бақылау күшейтіледі
ашық дереккөз
Партиялық бақылау күшейтіледі

«Nur Otan» партиясы облыстық, қалалық және аудандық партия филиалдарының партиялық бақылау комиссиясы мен оның жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағаларына арналған «Партиялық бақылау комиссиясы мен қоғамдық кеңес жұмыстарын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Жиында 2020 жылда атқарылатын жұмыстардың барысы және өткен жылдың 21 тамызында өткен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі отырысында айтылған тапсырмалардың орындалуы туралы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасындағы тың жобалар аясындағы атқарылар жүйелі жұмыстар айқындалды. Мақсаттары – екі комиссия – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен Партиялық бақылау комиссиясының жұмысын біріктіріп, 2020 жылдан бастап, заң бұзушылықтардың алдын алу үшін комиссия мүшелері аудандарға барып партиялық бақылау жұмыстары күшейтілетіндігі де айтылды. Семинарда сөз алған кеңес мүшесі Қасымхан Төлендиев қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет құру туралы және келеңсіз көріністермен қалай күресу керектігін айтты. Партия Талас аудандық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Доғдырбек Мәселбеков мемлекеттік бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етуде бірқатар жұмыстар атқарғандығын айтып өтті. Аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдау барысында 37 арыз-шағым түссе оның 21-і оң шешімін тауып, 16-сына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліпті. Отырысты қорытындылаған облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев партия жұмысын жүйелендіруде белсенді азаматтарды партия қатарына тарту, сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту, жауапкершілікті арттыру, идеологиялық саясатты қайта жандандыру және жастарды тарту керектігін баса айтты.

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар