Саясат
Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолдарын Конституциядан іздеу қажет - Ә.Жақсыбеков
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2014
- 614
Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолдарын Конституциядан іздеу қажет - Ә.Жақсыбеков
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру жолдарын Конституциядан іздеу қажет. Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан еліміздің Конституция күніне арналған «Конституция: Тұрақтылық, бейбітшілік және қоғамдық келісім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Мемлекеттік хатшысы Әділбек Жақсыбеков білдірді.
«Бүгінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда. Оның басты мақсаты - Қазақстанның 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы. Бұл қиын міндетті шешу жолдарын және осынау биік мақсаттарға жетуге қажетті құралдарды ең бірінші кезекте елдің негізгі заңынан іздеу қажеттігі еш күдік тудырмайды. Оның толыққанды жүзеге асырылуына біздің ортақ табысымыз тәуелді», - деді Ә.Жақсыбеков.
Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, негізгі заңымыз қазақ халқының сан ғасырлық тәжірибесі мен даналығын қамтып, әлемдік заң ғылымының үздік жетістіктерін өзіне сіңірген және ұлттық даму басымдықтарын бекіткен. Қазақстандық мемлекеттілікті қалыптастырудың құқықтық, саяси және экономикалық алғышарттарын қалыптастырған.
«Осы жылдар ішінде қолданыстағы Конституция жалпы танымалдылыққа ие болды. Өйткені, әрбір қазақстандық оны өзінің басты заңы ретінде қабылдады», - деді ол.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




