Қасым Әзімхан «Құрмет» орденімен марапатталды
Өзінің журналистика саласындағы еңбек жолын Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде корректорлықтан бастаған, бүгінде елімізге танымал қаламгер Қасым Әзімханұлы көп жылдар бойы республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бас редактордың орынбасары, «Егемен Қазақстан» газетінде аға тілші, республикалық «Заң» газетінде бас редакторлық қызметтерді атқарған. Қазіргі кезде 2003 жылы ҚР Бас Прокуратурасының бастамасымен ашылған республикалық «Құқықтық Қазақстан» газетінде бас редактор болып қызмет етуде. Қ.Әзімхан Қазақстанның «Құрметті журналисі», Қазақстан Журналистикасының қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағының және бұрынғы КСРО Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық журналист, әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика және заң факультеттерін бітірген, «Тұлға», «Мұстафа Өзтүрік», «Ғибратты ғұмыр» атты кітаптардың авторы. Тәуелсіздігіміздің 10, 20, 25 жылдығы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы мерекелік медальдарының, сондай-ақ прокуратура саласында «Сүлеймен Есқараев – тұңғыш прокурор» мерекелік төсбелгісінің, сонымен қатар көптеген грамоталар мен Алғыс хаттардың иегері, Жуалы ауданының Құрметті азаматы.
Қ.Әзімханұлы жақында Тәуелсіздігіміздің 28 жылдығы қарсаңында еліміздің ұлттық баспасөзіне қосқан үлесі үшін ҚР мемлекеттік «Құрмет» орденімен марапатталды. Біз бүгін республикалық «Құқықтық Қазақстан» газетінің 2003 жылдан бергі бас редакторы, республикамызға белгілі журналист Қасым Әзімханұлын осынау үлкен марапатымен шын жүректен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына бақ-береке, жұмысына табыс тілейміз!
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




