Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өңіріміздің білім саласында орын алған құқық бұзушылықтар туралы арнайы кеңес өтті. Дәл осы саланың назарға алынуы бекер емес. Өйткені облыс бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар көрсеткіші біршама азайған. Алайда білім саласында керісінше, көрсеткіш жоғары. Мысалы, өткен жылы осындай 5 іс тіркелсе, биыл оның саны 18 болған. Оның төртеуі пара алу болса, тоғызы мемлекет қаржысын жымқыру фактілері. Бүгінде бұл істің 14-і сотқа жолданып, 26 тұлғаға айып тағылып, 8 адам сотталған. Мысалы, бір ғана Шу ауданының білім қызметкерлері екі жылдың ішінде 233 миллион теңге қаржы жымқырған. Дәл осындай жағдай Шумен көршілес Мойынқұм мен өзге де аудандарда тіркелгенін айтқан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Әділхан Әшірбаев білім саласында сыбайластыққа жол беру – ұлт болашағына балта шабумен тең екенін ескертті. Өйткені ел болашағын тәрбиелеп отырған сала қызметкерлерінің ар-ожданы мен парасаты, адалдығы басты орында болуы шарт. Кемел келешекке көз тіккен еліміз үшін мұндай жағдайдың орын алуы өте өкінішті жағдай. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарлары, білім беру мекемелерінің басшылары қатысқан жиында агенттік қызметкерлері жасалған қылмыстардың әрқайсысын жіктеп көрсетіп, алда мұндай келеңсіздіктің орын алмауы үшін адал жұмыс істеуге шақырды.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді