ЖАҢА КОДЕКС БОЙЫНША

ЖАҢА КОДЕКС БОЙЫНША
ашық дереккөз
ЖАҢА КОДЕКС БОЙЫНША

Қазіргі уақытта жаңа Кодекстерге байланысты пікірлер туындап жатыр. Біз бас бостандығынан айырылғандарға қатысты тұстарына тоқталып өтсек. Қылмыстық-атқару Кодексінің «Сотталғандардың еңбегі» тарауына назар аударайық. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандардың еңбегі» ескі Кодекс бойынша 99 бап 8 тармақшадан тұратын, ал жаңа Кодекс бойынша 119 бап 9 тармақтан тұрады. Осы жерде айта кететін жайт, ол жұмыстан бас тарту немесе жұмысты тоқтату жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушылық болып табылмайды және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру үшін мекеме аумағындағы өндірістік нысандарды басқа кәсіпорындарға беру мемлекеттік мүлік туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандар еңбегінің жағдайлары мен олардың еңбегіне ақы төлеу» бойынша да біраз өзгерістер бар. Бір ескерте кететін жайт, еңбек жағдайларының барлығы Еңбек заңнамасына сәйкес анықталады. «Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардың кірісінен ұстап қалу» бабы өзгеріссіз қалды. Яғни, сотталған азаматтың жалақысынан, зейнетақысынан, жәрдемақысынан және өзге де кірістерінен атқару парақтары немесе басқа құжаттары бойынша сомаларды ұстап қалу заңнамада көзделген тәртіппен жүзеге асырылып, кемінде елу пайызы сотталған азаматтың жеке шотына аударылады. «Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға кәсіптік білім беру және оларды кәсіптік даярлау» бойынша да біршама өзгерістер бар. Бұл Кодекстің алдымен байқалатын айырмашылығы тараулар мен баптардың өзгеруі болып табылады.

Маржан Сағындықова,

облыс бойынша ҚАЖД ЖД 158/4 мекемесінің инспекторы, әділет аға лейтенанты.

Ұқсас жаңалықтар