өйткені «GOOD LOOK» сауда үйі» ЖШС-ның өнімдері жоғары сұранысқа ие
ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы үш санат бойынша үздік кәсіпорындарға жыл сайын тапсырылады. Индустрияландыру күніне орай елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласында осынау мәртебелі республикалық байқаудың лауреаттары мен дипломанттарын марапаттау рәсімі өткені белгілі. Олардың қатарында «Ауыл шаруашылығы және азық-түлік тауарларын өндіретін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылған Тараз қаласындағы «GOOD LOOK» сауда үйі» ЖШС да бар. Бұл серіктестік «Атамекен» ҰКП-ның «Ұлы Дала елі» ортақ брендінің де иегері атанғанын айта кеткен жөн. «Біз байқауға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бұл компаниямыздың алдағы уақытта одан әрі дамуына да серпін береді деп сенемін. Біздің алға қойған мақсатымыз – ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарының барлық түріне арналған толық құрамды құрама жем өндірісі бойынша көшбасшы атану. Сол мақсат жолында аянбай еңбек ете де бермекпіз», – дейді кәсіпорын басшысы Румия Хашимова. Айта кетейік, бұл серіктестіктің бүгінде тәулігіне 480 тонна өнім шығару әлеуетіне ие құрама жем зауыты, 17469 текше метр өнім сақтауға есептелінген элеваторы, темір жол тармағы, жем өңдеу қондырғылары, арнайы зертханалары бар. Кәсіпорында биыл өндірілген өнімдер негізінен Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан елдеріне жөнелтіліпті. Яғни жалпы өнімнің 75 пайызы – экспортқа, 25 пайызы – ішкі нарыққа шығарылып отыр. «Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді