«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды
ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға енгізілген жаңашылықтар туралы айтылды. Тақырыпқа байланысты баяндама жасаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев: – Осы Заңның қабылдануымен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды деп сеніммен айта аламын. Өйткені тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет басшылардың қол астындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітіліп отыр, – дей келе, бұдан былай саяси мемлекеттік қызметкерлер – министрлер мен олардың орынбасарлары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудандар әкімдері, олардың тікелей бағынышты қызметкерлері сыбайлас жемқорлық сипатта құқық бұзушылық жасаған жағдайда отставкаға кетіретіндігін мәлімдеді. Айта кету керек, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметшіні осы лауазымға тағайындаған тұлғаға орнынан кету туралы өтініш жіберіледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау – бұл саяси қызметкерді қызметке тағайындаған адамның құзыреті. Спикер тікелей бағынышты қызметкерлері «бармақ басты, көз қысты» әрекетке барған жағдайда, саяси емес, бірақ А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болып табылатын барлық өзге басшыларға тәртіптік жауапкершілік қарастырылатынын да жеткізді. – Егер тікелей бағынышты адамдар мұндай қылмыс жасамаған болса, бірақ талдау осы мемлекеттік органда немесе белгілі бір аймақтық бөлімшеде сыбайлас жемқорлық деңгейі күрт жоғарылағанын көрсетсе, тиісті басшының тәртіптік жауапкершілік мәселесі қаралады», – деді Равиль Қуанышбайұлы. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құзыретті орган ретінде бұл мәселелерді белсенді түрде көтереді. Басшылардың жауапкершілігін қарауға бастамашылық етеді. Олар өз ұжымдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және болдырмауға атсалысу керек.

Альмира Омарова

Ұқсас жаңалықтар