Бар бақытымыздың бастауы – Тәуелсіздік күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында мерекеге орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік рәсімде сөз алған партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балабек Нарбаев нұротандықтарды ащы термен келген тәтті жеңіс – Тәуелсіздік күнімен құттықтады: – Достық пен жасампаздықтың үлгісін көрсетіп келе жатқан Қазақстан атты ортақ үйіміздің ең ұлық мерекесі құтты болсын! Небәрі 28 жыл ішінде біз әлем елдері қызыға да қызғана қарайтын қуатты мемлекет құра білдік деп білемін. Осы жолда Елбасының еңбегі ерен екендігі анық. Партияның алдына қойған мақсаты – халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту, әл-ауқатын арттыру болса, осы орайда облыстық филиал мүшелерінің әрбірі «Nur Otan» – халықтық партия екенін көрсетуге атсалысуда. Қазіргі таңда Елбасының тамыз айында өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында қабылдаған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын басты бағдаршам ете отырып жүйелі жұмыстар жүргізудеміз, – деген филиал төрағасының бірінші орынбасары бірқатар партия белсенділерін ҚР Президентінің Алғыс хатымен және партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамотасымен марапаттады. Мұнан соң сөз алған партия төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат та партия мүшелерінің қай-қайсысы болса да марапатқа лайықты екендіктерін атап өтіп, тәуелсіздігіміздің – тұғырлы, мемлекетіміздің – ғұмырлы болуына тілектестігін білдірді.
Эльвира Жарылқасынова
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




