соның нәтижесінде 10,7 миллиард теңгенің негізсіз шығындары қысқартылды
Бюджет қаржысы тиімді әрі үнемді түрде жұмсалса, артық шығындарға жол берілмесе, жергілікті қазынаның қоржынын толтыруға бұл да әжептәуір септігін тигізеді. Жұмысты осылайша жүргізудің жолдары мен тәсілдері де әртүрлі болып келеді. Соның бірі – бюджет қаражаты есебінен әзірленетін жобалау-сметалық құжаттардың тиімділігін арттыру мен негізсіз артық шығандарды болдырмау болып табылады. Облыста осы мәселе бойынша соңғы екі жыл көлемінде жобалау-сметалық жобаларға салыстырулар, жан-жақты сараптамалар мен терең талдаулар жасалуда.Бюджет қаражатын тиімді пайдалану, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарын нақты анықтау, инвестициялық жобаларды жүйелі түрде іске асыру мақсатында облыс әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысымен «Бюджет заңнамасының орындалуының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген. Іс-шарада бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негізде-месін және жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, түзету, сараптамадан өткізу, сондай-ақ құндары негізсіз қымбат болған жағдайда жобалау-сметалық құжаттамалардың құнын оңтайландыру мәселесі қарастырылған. Осыған сәйкес, құрылыс құнының негізсіз шығындарын болдырмау мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, жобалаушыдан тапсырыс берушіге өткізілгеннен кейін сараптамаға кірер алдында тапсырыс беруші жобалау-сметалық құжаттаманың техникалық көрсеткіштерін міндетті түрде облыстық бюджет бағдарламасының әкімшісімен келісуі тиіс. 2019 жылы бюджет бағдарламасының әкімшісі облыс әкімдігінің құрылыс басқармасы болып табылатын жалпы 218 жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Облыстық құрылыс басқармасы жобалау-сметалық құжаттамаларды келісу барысында іс-шараға сәйкес талдау нәтижесімен ағымдағы жылы 134 жобаның құны оңтайландырылып, 10,7 миллиард теңгеге негізсіз шығындар қысқартылды. Жалпы, ЖСҚ құнын оңтай-ландыру жұмыстары қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы заңнаманың аясында жүргізіледі. Сол себепті, құрылыстың сапасына, адамдардың тіршілік ету қауіпсіздігіне кері әсері болмайды. Егер осы арада бұған нақты мысалдар келтірсек, бүгінгі уақытта облыстағы аудандарда салынып жатқан құрылыстардың жобалық қуаттары бірдей, яғни бәрі де 300 орындық оқушыға арналғанымен, құндары әртүрлі, 800 миллион мен 1,3 миллиард теңге аралығында болуы мүмкін. Мәселенің мәнісіне үңіле келгенде, бағаның мұнша алшақтығының басты себебі – ғимарат жанындағы алаңдардың айырмасында (негізсіз үлкен болуы мүмкін) оны жабдықтау мен абаттандыруға жұмсалатын шығындар мен қазандықтар құрылысы бағаларының әрқилылығында, инженерлік желілерге қосылудың негізсіз алшақтығында болып шығады. Сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамалардың құнын төмендетуге жаңа, арзан, сапалы құрылыс материалдарын қолдану мүмкіндіктерін қарастыру және егер жоба қысқа 2-3 айда, яғни көктем, жаз айларында іске асырылатын болса, қосымша қаражаттты қажет ететін қысқы коэффициенттерді алып тастау арқылы қол жеткізу мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар әлеуметтік салалардың әрқайсысында, атап айтқанда, спорт, білім, мәдениет салаларының даму карталары бекітіліп, оларға сәйкес жобалардың қуаттылығына қарай орташа құндары анықталған. Айтар болсақ, білім нысандарында бір оқушы орынға арналған орташа құн есептеліп шығарылған. Содан аспай, жобаның құнын есептеу мақсатында, барлық шығындары есептелген арнайы кесте бекітілген. Мысалы, ол кестеге сәйкес 100 орындық мектептің құны 350 милион теңгеден аспауы керек. Дәл осындай көрсеткіштер мәдениет, спорт салалары бойынша да анықталған. Қандай да бір құрылыс болмасын, оған жұмсалатын бюжет қаржысы біздің басқарма тарапынан қатаң бақылауда болады.
Жайықбай ШАЛДАРОВ, облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді