Айыппұлды электронды түрде төлеңіз
Жол қозғалысы және жүру ережесі туралы Қазақстан Республикасының заңы 1996 жылы 15 шілдеде тіркелді. Төрт тарау 28 баптан тұратын бұл заң – жол жүрісін ұйымдастыру мен қамтамасыз етуімен ерекшеленеді. Кейін Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауларына байланысты, электронды және техникалық жағынан, ғаламтор жүйесімен жұмыс атқара білу біліктілігін дамыту мақсатында көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, Елбасының 2003 жылғы 7 қаңтарда бекіткен заңына байланысты, «Электронды үкімет» порталы жұмыс істей бастады. Яғни, кез-келген азамат әлемнің барлық жерінен egov.kz сайтына кіріп, ҚР заңнамаларына байланысты мемлекеттік және коммуналдық төлемдер төлей алады.
Осыған орай, жол жүру ережесін бұзу, төлемақы жасау банкоматтық карточкалары арқылы да жүзеге асатынын мәлімдейміз. Порталдың басты мәзірінде «Көлік және коммуникация» бөлімі, оның ішінде «Жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы айыппұл төлеу» деген жазбаны ашу арқылы да айыппұл төлеу мүмкіндігі қарастырылған.
Қанат ОРДАЛИЕВ, Мамандандырылған ХҚКО-ның инспекторы.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




