«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Міндетіміз – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Міндетіміз – халықтың әл-ауқатын жақсарту
ашық дереккөз
Міндетіміз – халықтың әл-ауқатын жақсарту

жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары» туралы есеп берді.

Журналистермен өткен жүздесуде Асқар Исабекұлы Жамбыл жерінде жүзеге асқан жүйелі жұмыстар мен жасампаз жоспарлар, көне шаһарды жаһанға танытатын толымды тірліктер, жалпы, Әулиеата өңірінің қазіргі таңдағы әлеуеті мен болашақтағы сәулеті, сән-салтанаты жайлы баяндады. Алдымен экономика салаларына тоқталған облыс басшысы мұнда оң динамика қалыптасып отырғанын айтты. Экономиканың өсуі 105,7 пайызды құрап, жыл қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 450 миллиард теңгеден артпақ. Атқарылған жұмыстардың жай-жапсарына кеңінен тоқталған облыс әкімі: – Облысымызда «қарапайым заттар экономикасы» аясында жалпы құны 70 миллиард теңгеге 112 жобаның ішінен 20,2 миллиард теңгеге 38 жоба мақұлданды. Қабылданған шаралардың арқасында шикізаттық емес экспорт көлемі өсе бастады. Жалпы өңірлік өнім көлемінде шағын және орта бизнестің үлесі соңғы 5 жылда 18 пайыздан аспаған болса, былтыр 21 пайызға жетті. Биыл бұл көрсеткіш бұдан да артады деп күтілуде. Айталық, үстіміздегі жылы кәсіпкерлерге 8,6 миллиард теңге көлемінде шағын несие берілді. Бұл – өзге өңірлер арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұдан бөлек, шағын бастамаларды іске асыру үшін 2 мыңға жуық адамға 1,2 миллиард теңге көлемінде қайтарымсыз грант бөлінді. Оның 300 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен қаралды. Нәтижесінде өндірілген өнім мен қызмет көлемі биыл 167 миллиард теңгені құрап, 6,3 пайызға артып отыр.

Ұқсас жаңалықтар