ҚР Президенті әкімшілігі мен Тараз қалалық мәслихатының келісімімен, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Тараз қаласының әкімі болып Айтқазы Дәулетқұлұлы Қарабалаев тағайындалды.
Қала активіне жаңа басшыны таныстырған облыс əкімі Асқар Мырзахметов оған алда атқарылуы тиіс негізгі жұмыстарды тізіп шықты. Олардың қатарында қала ішіндегі жолдарды жөндеу, қала орталығынан шалғай орналасқан алқаптарға газ, ауызсу, кəріз жүйелерін жүргізу, қоғамдық көліктерді электронды төлем жүйесіне ауыстыру мен аялдамаларды бірыңғайландыру сынды жұмыстар бар. Өз кезегінде қаланың жаңа тағайындалған басшысы артылған сенімді ақтау жолында бар күш-жігерін сала қызмет ететінін айтып, уəде берді. Айта кетейік, бұрындары Жуалы, Талас аудандарын басқарған Айтқазы Қарабалаев жаңа лауазымға «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Түркістан облыстық өндірістік филиалының директорлығынан келді.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




