Тараз қаласы аумағында қала әкімдігі мен қалалық ішкі істер органдары бірлесіп, екі аптадан бері қолға алған жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты жедел алдын алу шаралары нәтижелі жүргізілуде. Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеровтің айтуынша аталған уақыт аралығында жол жүру қауіпсіздігі ережелерін бұзған, автокөліктерін рұқсат етілмеген жерге қойған 8 мыңнан астам көлік жүргізушісіне әкімшілік-құқықбұзушылық жаза қолданылған. Жол жүру қауіпсіздігін бақылайтын 139 бейнекамера құқықбұзушылық сәттерін түсіріп алған, алайда жүргізушілері тиісті айыппұлын төлеуден жалтарып жүрген автокөліктер арнайы белгіленген үш автотұраққа қойылып, айыппұлдарын төлеуде. Нұржан Сәбитұлы сондай-ақ, ағымдағы жылдың 25-інші тамызы күні басталып, қыркүйек айының 25-сі күні аяқталатын «Абайлаңдар, балалар!» жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу акциясының да нәтижелі өтетіндігіне сендірді. Мәселеге кеңінен тоқталған облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков аумақтағы жергілікті атқарушы биліктің ішкі істер органдарымен бірлесіп өткізіп жатқан бір айлық акция барысында облыстағы мектепке баратын 190 мың баланың, оның ішінде мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған 27 мың бірінші сынып оқушысының, жоғары оқу орындары студенттерінің, колледждердің оқушыларының акция шараларымен толық қамтылатындығын, оның қорытындылары облыс әкіміне баяндалатындығын, жол белгілерін жаңарту, бағдаршамдарды ауыстыру және басқа да жол жүру қауіпсіздігін жақсартуға қажетті қосымша шаралардың жүзеге асырылатындығын жеткізді.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




