«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Қаралма» тау-шаңғы базасының қуанышын бөлісер күн жақын

«Қаралма» тау-шаңғы базасының  қуанышын бөлісер күн жақын
ашық дереккөз
«Қаралма» тау-шаңғы базасының қуанышын бөлісер күн жақын

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жуалы ауданына жұмыс сапарымен барып, «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылыс жұмысымен танысты.

Бүгінде тау-шаңғы базасының құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталған. Қонақ үй-коттедждері, туристерге қызмет көрсету сервистік кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ ұзындығы 7 километрді құрайтын тас жол салынып, инфрақұрылымы тартылған. Құрылысқа қажетті құрал-жабдықтардың дені құрылыс алаңына жеткізілген. Оның басында 100-ден астам құрылысшы ауа райының қолайсыздығына қарамастан жұмыс істеуде. Атап айтсақ, демалыс кешенінде қонақтар жыл-он екі ай демалуға мүмкіндік алады. Жаз айларында саумалмен, қымызбен емдейтін, атпен серуен құратын сауықтыру орындары ашылады деп күтілуде. Жалпы, нысан мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынуда. Жобаның жалпы құны 4 миллиард теңгені құрайды. Бұл нысан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының бойынан 7 километр қашықтықта, Алатау тауының баурайында теңіз деңгейінен 1600 метр биіктікте бой көтеруде. Сонымен қатар Алатаудың ұшар басынан кешенге дейін 2 500 метр сырғанау жолағы түсуде. Сол сияқты 2050 және 350 метрлік аспалы жолдардың құрылыстары да жүзеге асырылуда. Аспалы жол құрылысына қажетті қондырғылар Австрия елінен жеткізілген. Асқар Исабекұлы жауаптыларға мұндағы барлық жұмыстарды сапалы атқаруды, 350 метрлік аспалы жолды құрастыру, орнату шараларын ағымдағы жылдың 16 желтоқсанына дейін аяқтауды тапсырды. Ал ұзындығы 2 мың метрден асатын аспалы жолдың құрылысын бір-екі айда толығымен бітіру керектігін ескертті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар