Облыстық әкімдікте аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өткен жиында азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Онда өңір басшысына бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуал және оған қатысты атқарылып жатқан шаралар барысы баяндалды. Жиында бағасы шекті мәннен асып кеткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар жайы назарға алынды. Оның ішінде ұн, нан, картоп, сәбіз, пияз тағы басқалар бар. Асқар Исабекұлы аталмыш көкөністің өңірде жеткілікті деңгейде егіліп отырғандығын алға тартып, бағаларының өсуіне ешқандай негіз жоқтығын ескертті. Ол үшін жүйелі шаралар қабылдап, тұрақтандыру қорының жұмысын ширатуды тапсырып, жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеді. Айта кетейік, облыс әкімі бұған дейін де нанның бағасын ұстап тұруға қатысты жүйелі шешімдер қабылдау керектігіне көңіл бөліп, солтүстіктен жеткізілетін жоғары сапалы ұнмен қатар, өз облысымызда өсірілетін бидайды да ұтымды ұқсатудың маңыздылығына тоқталған болатын. Сондай-ақ бағаны тұрақтандыруда өңірдегі құрылысы жүргізіліп жатқан көтерме-тарату орталықтары мен әлеуметтік дүңгіршектердің санын барынша көбейтудің маңыздылығын атап өткен-ді. Облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев бұл тұрғыда анықтау, талдау шаралары қолға алынғандығын жеткізді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




