Құрметті жамбылдықтар! Жыл сайын 30 тамызда мемлекетіміздің ең басты мерекелерінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеміз. Осыдан 19 жыл бұрын Қазақстан халқы еліміздің жаңа Негізгі Ата Заңын мақұлдап, дауыс беріп, қуатты құқықтық-демократиялық және әлеуметтік мемлекет құруды қолдаған тарихи таңдауын жасаған болатын. Конституцияның қабылдануы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихында аса маңызды, жарқын оқиға болды. Ата Заңымызда қаралған нормалар, тірлігі мен татулығы жарасқан барлық ұлттардың Қазақстан Республикасы атты бір шаңырақ астында алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етіп отыр. Бұл күнде еліміздің экономикасы өрлеп, табысы тасып, халықаралық беделінің де арта түсуі Негізгі Заңымыздың сарқылмас мазмұнының дәлелі. Облыс экономикасының қазіргі даму деңгейі Елбасының алдымызға қойған міндеттерін кезең-кезеңімен шешуімізге мүмкіндік беруде. Бұл тарапта жамбылдық әрбір белсенді азаматтың еңбегі бар деп айтуға болады. Алдағы уақытта да Ата Заң аясында қызмет етіп, оны құрметтеу, принциптерін сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз, келер ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік деп ұғынайық, ағайын! Конституция күні құтты болсын! Барлық ізгі істеріңіз бен бастамаларыңызға сәттілік серік болсын!
Бағлан Қарашолақов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестікке серпін берген сапарлар
- 23 қараша, 2024
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді