Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі облыстық білім басқармасымен бірлесіп облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде өткен «Сана парасаттылығы − адал ұрпақ негізі» атты іс-шарада жалпы орта мектептердің жоғары сынып оқушылары бақ сынады. Сайыс жасөспірімдер арасында парасаттылық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Турнирде өскелең ұрпақ қоғамның өзекті мәселелері мен оны шешу жолдары, азаматтық жауапкершілік, тіл тазалығы, адамгершілік құндылықтарын сөз етті. Сондай-ақ өз ойларымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Екі күнге созылған іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар сыйлықтарға ие болып, дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Тағдыршешті мәселелер қозғалды
- 22 қаңтар, 2026
Медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейі 92,32 пайызға жетті
- 22 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




