ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының талабына сәйкес, 2016 жылдың ақпан айында құрылған облыстық қоғамдық кеңес жыл басында үш жылда атқарылған жұмыстардың сапалық көрсеткіштерін қорытындылаған болатын. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында кеңес төрағасы Сембек Сейдәзімов сол уақытта кеңес мүшелері бірқатар маңызды мәселелердің шешілуіне атсалысқандығын жеткізді. Естеріңізде болса, жылдың басында өткен алқалы жиында кеңестің кезекті мерзімге тағайындалатын жаңа құрамы бекітілген еді. Бірінші лек 29 мүшеден тұрған болса, биылғы таңдауда құрам саны 19 адамға ықшамдатылды. Оған және алғашқы қалыптасу кезеңінің үш жылында белсенділік танытып, сыннан өткен азаматтар мен жаңадан мүшелікке талап білдірген үміткерлер іріктелді. Олардың қатарында көп жылдар бойы қызмет атқарған мол тәжірибелі азаматтар, қоғамдық жұмыстар мен ақпараттық жүйенің ортасында жүрген белсенді жастар бар. Атап өтерлігі, тұрақты комиссиялардың саны бұрын бесеу болса, қайта құру жолымен олар 3-еуге қысқарды. Дей тұрғанмен, осыған дейін кеңес президиумының 9, кеңейтілген 5 отырысы өткізіліпті. «Оларда негізінен 77 мәселе қаралса, соның 74-і нормативтік-құқықтық актілер жобаларына қатысты болды. Отырыстарда қоғамды толғандырған мәселелердің негізгісі ретінде көп балалы аналар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік атаулы көмек, жұмыссыздық деңгейін төмендету жағы, мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін жақсартуға арналған жұмыстар мен денсаулық сақтау, алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері қозғалды», – деді Сембек Сейдәзімов. Бұдан бөлек, кеңестің өзінің жеке ресми сайты да бар екені мәлім. «Онда аудандардың қоғамдық кеңестері өткізген іс-шаралар мен нормативтік-құқықтық актілер салынуда. Ай сайын қажетті дәрілердің бағаларына қоғамдық мониторинг жүргізіледі. Ол туралы әлеуметтік желілерге де салынды. Мәслихат аппаратында қоғамдық кеңестерге жауапты мамандарға және белсенді жастарға үш күндік семинар өткізілді», – деді екінші спикер, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Исламбек Дастан. Баяндамашының айтуынша, бұл жұмыстарға облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Жергілікті өзін-өзі басқаруды және қоғамдық бақылауды дамыту бойынша ақпараттық орталықты ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба аясында жұмыс жүргізілген.
Альмира Омарова
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді