сондықтан күнделікті атқарылатын жұмыстың кестесі бекітілуі тиіс
Тараз қаласындағы әлеуметтік дүңгіршектердің санын арттыру – бағаны тұрақтандыруға өз септігін тигізері сөзсіз. Облыс әкімдігінде өткен жиналыста аймақ басшысы Асқар Мырзахметов осыған аса назар аударып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.
Аталған жиында өңірдегі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мәселелері қаралды. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев облыс әкімдігінің қаулысымен қабылданған жаңа қағида аясында атқарылатын шаралар туралы баяндады. Ол бұл бойынша комиссия құрылып, жыл басында тауар тізімін, шекті бағаны, үстеме ақыны, ең төменгі қор көлемін бекітіп отыратынын жеткізді. Сондай-ақ бағаны тұрақтандыру бойынша тұрақтандыру қорын қалыптастыру мен пайдалану, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу, көтерме-тарату орталықтарын ашу, азық-түлік бағаларының жаңа тетіктерін енгізу шаралары ұдайы назарда екенін жеткізді. Бүгінде аталған қор есебінде 294,5 миллион теңге ақшалай және құны 750,6 миллион теңге болатын 5 мың тоннаға жуық тауар бар екенін айтқан басқарма басшысы қазірге дейін облыс орталығы – Тараз қаласында кеңейтілген 25 жәрмеңке өтіп, онда 857,8 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері нарық бағасынан 8-20 пайызға төмен бағада сатылғанын тілге тиек етті. Ол ғана емес, облыс орталығындағы «Ауыл-Береке» базарының қасынан «Тараз «Көтерме тарату орталығын» және «Үш Бұлақ» темір жол бекетінің маңынан «Жамбыл «Көтерме тарату орталығын» салу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар «Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру тетіктерін жүзеге асыру» қағидасы аясында екі бағыт қарастырылған десек, олар – тұрақтандыру қорының қызметі және кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру. Бірінші тетік бойынша тұрақтандыру қорына қажетті 11 әлеуметтік маңызы бар тауардың тізімі айқындалып үлгеріліпті. Қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорациясы тарапынан қалыптастыру шаралары жүргізіліп, максималды бағалардың мөлшері және минималды қордың көлемі айқындалуда. Жиында қала ішіндегі әлеуметтік дүңгіршектердің жайы да жан-жақты сөз болды. Бүгінде шаһарда мұндай 10 дүңгіршек болса, тағы 17-сін ашу көзделіп отыр. Аймақ басшысы бұл бағытта қажеттіліктер мен нысандардың өзіндік құнын анықтауды тапсырып, дүңгіршектерді барынша көптеп ашу мәселесін уақыт созбай шешудің маңыздылығына көңіл бөлді. Сондай-ақ Асқар Исабекұлы бағаны бақылау, тұрақтандыру бойынша жүйелі жұмыстың жоқтығын баса айтып, ол бойынша күнделікті атқарылуы тиіс шаралардың кестесі бекітілуі керектігін ескертті. Жаңа қағида бойынша да жұмыстардың жоспар-ережесін әзірлеуді тапсырып, ол үшін тиісті тұлғаларға он бес күн уақыт берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді