Тайып Ердоған Түркия президенті лауазымына ресми түрде кірісті
- author «Ақ жол»
- 29 тамыз, 2014
- 679
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасына сапармен келді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті. Әңгіме барысында соңғы жылдардағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының негізгі кезеңдері талқыланды. Президенттер бұдан арғы даму үшін зор әлеуеттің бар екенін айта келіп, екіжақты ынтымақтастық қарқыны өсіп келе жатқандығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев А. Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін алғысын білдірді. Кеше Елбасы Түркияның жаңадан сайланған Президенті Режеп Тайып Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты. Салтанатты шара Анкарадағы Чанкая сарайында өтті. Түркияның мемлекеттік Әнұраны орындалғаннан кейін Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ұлы Халық Мәжілісінде ант берді. Ол рәсім өткізілгеннен соң Режеп Тайып Ердоған Абдулла Гүлден Президент лауазымын қабылдап алу үшін Чанкая сарайына көтерілді. Салтанатты қабылдауға дүниежүзінің 90 мемлекетінен өкілдер келіп қатысты. Айта кетейік, биыл Түркияның тарихында алғаш рет Президент сайлауы өткізілді. Оның нәтижесі бойынша бұрынғы премьер-министр Режеп Тайып Ердоған жеңіп шығып, Түркияның Президенті атанып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды
- 27 наурыз, 2026
Олжас Бектенов пен Михаил Мишустин кездесті
- 26 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




