Жаңа жобаны жүзеге асыру жайы талқыланды
Облыста тұрғындардың табысын арттыру жобасымен қатар қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту жобасы да қолға алынды. Аталған жобаның жұмысшы тобының кезекті отырысында оны іске асырудың әдістемесі қаралды. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен жиынға салалық басқармалар басшылары, коммерциялық ұйымдар жетекшілері, кәсіпкерлер және сарапшы-ғалымдардан тұратын жұмысшы топ мүшелері қатысты.
Өз кезегінде облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының басшысы Дамир Егізбаев қайта өңдеу өнеркәсібін ілгерілету жобасын іске асырудың алғышарттарымен таныстырды. Бұл орайда жұмыс ең әуелі кәсіпкерлік нысандардың әлеуетін саралаудан басталмақ. Сондықтан да аймақтардағы барлық кәсіпкерлерден сауалнамалар алынады. Сол сауалнамалар арқылы жергілікті билік өңірдің бизнес секторындағы нақты мәселелермен танысуға мүмкіндік алмақ.
Сәйкесінше жеке кәсіпкерлер жобаны жүзеге асыруға қатысты ойларын ортаға салып, бірқатар мәселелерді тілге тиек етті. Атап айтқанда, олар өңдеуші кәсіпорындарға қажетті кадрлардың тапшылығы, өнімді өткізудің қиындығы, жергілікті тауар өндірушілердің бюджеттік тапсырысты орындаушылар қатарына кіре алмай отырғандығы сынды мәселелер көтерді. Жиында кәсіпкерлер арасында сауда-экономикалық байланыстың өз деңгейінде жолға қойылмауы мәселесі де сөз болды. Салдарынан кейбір кәсіпорындар өздеріне қажетті шикізатты республиканың өзге өңірінен тасымалдауға мәжбүр. Ал тауардың дәл осы түрін өндіретін жергілікті кәсіпорынның шаруасы тұтынушы болмауынан тұралап тұр. Жұмысшы топ мүшелері осы секілді түйткілдердің түйінін тарқатуда кәсіпкерлерге арналған ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру қажет деген де ой айтты. Сондай-ақ қайта өңдеу өнеркәсібіне ыңғайлы бос тұрған ғимаратты жергілікті әкімдіктің меншігіне қайтарудың талаптарына қатысты Үкіметке арнайы ұсыныс та әзірленетін болды.
Жиын қорытындысында облыс әкімі Асқар Мырзахметов жобаны келер жылдың бюджет есебінен қаржыландыру керектігін айтып, тиісті жұмысты өз уақтысында қолға алуды тапсырды. Жобаның келесі кезеңінде жұмысшы топ мүшелері аудандарды аралап, ондағы кәсіпкерлік саласының қажеттілігін мұқият зерделейтін болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді