Сапалы білім беру үшін барлық жағдай жасалуы тиіс
Тараз қаласында орналасқан облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында бүгінде 390 жеткіншек тәрбиеленуде. Олардың қатарында көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, қамқоршыларының бірінен айырылған балалар бар. Бейсенбі күні өңір басшысы Асқар Мырзахметов осы интернаттың тәрбиеленушілерімен кездесті.
Асқар Исабекұлы алдымен мектеп-интернат ғимаратын аралап, жай-күйімен танысты. Мекеме директоры Эльмира Жақсылықова мұндағы тәрбиеленушілерге 86 педагог-маман білім беріп отырғанын жеткізді. Интернаттың бүгінгі тыныс-тіршілігінен мағлұматтар берді.
Мәселен, мекеме ауласындағы жаяу жүргіншілер жолы жөндеуді қажет етеді. Жатақханадағы төсек орындарын жаңалау, жарықтандыруды арттыру мәселері де жоқ емес. Осыған баса назар аударған облыс әкімі мектепте құрал-жабдықтардың жеткілікті, асхананың талапқа сай болуы керектігін айтып, тиісті тапсырмалар берді.
Асқар Исабекұлы мұндай әлеуметтік нысандардағы түйінді түйткілдерді шешу керек деді. Ондағы тәрбиленушілер мен қызмет алушыларға барлық қолайлы жағдай жасалуы тиіс екенін ескертті.
Бұдан соң тәрбиеленушілермен өткен кездесуде аймақ басшысы балалардың түрлі сауалдарына жауап беріп, өзінің оқушы кездегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Жасөспірімдерді еліміздің ертеңгі ұстынына айналу үшін білімді болуға шақырды. Жас жеткіншектерді еркін әңгімеге тартып, арман-тілектеріне құлақ түрген облыс әкімі олардың қажеттіліктерін алып беруге уәде берді. Кездесу соңында барлығы естелік суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді