Сөйтіп ХҚО-ға келушілер 10 миллион есе азаяды
Қазақстанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары құрылғалы бері көрсетілетін қызметтер ішінде мекен-жай анықтамасын алу туралы сұраныс көп түсетін. Енді 1 қарашадан бастап дәл осы құжат мемлекеттік қызметтер реестрінен алынып тасталды. Сондықтан еш мемлекеттік орган, мектеп не медициналық мекеме оны сұрап, талап етпейді. Сол себепті бұдан былай «Азаматтарға арналған үкіметтің» филиалдарынан да, электронды үкімет порталынан да аталған анықтаманы ала алмайсыз. Егер аса қажеттілік туындап жатса, қазақстандықтар тіркеуге тұрған мекен-жайларын egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile қосымшасындағы жеке кабинеті арқылы тексере алады. Ал мемлекеттік органдарға келсек, олар бұл мәліметті ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелері арқылы алады. Азаматтардың мекен-жай тіркеуі туралы ақпаратты сұратуы мүмкін басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялардың egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалануына мүмкіндік жасалған. Бұл тек азамат бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге аспақ.Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы сараптама жүргізіп, қазақстандықтардың жыл сайын әртүрлі ұйымдарға ұсыну үшін 20 миллионнан астам анықтаманы басып шығаратынын анықтаған болатын. Олардың жартысына жуығы – мекен-жай анықтамалары. Аталмыш құжат негізінен жұмысқа орналасу, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, банк қызметтерін алу кезінде, сондай-ақ әртүрлі мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін сұралатын. Енді мұндай анықтама талап етілмейтін кезде азаматтардың ХҚО-ға келу саны 10 миллион есе азаюы мүмкін. Бұл өзгеріс азаматтарға тиімді жағдай туғызу үшін жасалып отыр. Сондықтан көпшілік арасында түсінбеушілік туындамас үшін филиал өкілдері мемлекеттік мекемелер мен білім беру орталықтарына барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.
Қыстаубай САҒЫНТАЕВ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді