Жамбыл облысы жаңартылатын қуат көздері бойынша алдыңғы қатарда
- author «Ақ жол»
- 31 қазан, 2019
- 255
Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері қаралып, аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов баяндама жасады.
Бүгінде облыста қуаты 170 МВт құрайтын 3 жел, 3 күн, 5 су электр стансалары жұмыс істейді. 9 айдың қорытындысы бойынша өндірілген электр энергиясы 320 миллион кВт сағатты құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға өскен.
Айта кету керек, Қазақстанда белгіленген қуаттылығы 936,8 МВт болатын 83 ЖЭК нысаны бар. Оның ішінде 18-і – жел, 27-сі – күн, 35-і – су электр стансасы және үшеуі – био электр стансасы. Олардың ішінде қуаттылығы 405,17 МВт болатын 15 нысан биыл пайдалануға берілді. Үкімет отырысында осы жылдың соңына дейін қуаттылығы 104,8 МВт болатын 4 ЖЭК нысанын пайдалануға беру көзделгені айтылды. Жалпы, 2025 жылға қарай елімізде ең аз дегенде 3000 МВт-ға белгіленген қуаттылықтағы жаңартылған электр стансалары жұмыс істемек.
– Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибеге сәйкес баламалы энергия көздерін дамыту – бұл инвестицияларды тарту және экологияны жақсарту бойынша маңызды тренд болып отыр. Соңғы он жылда жаңартылатын энергия көздерінің әлемдік қуаты төрт есе – 414 ГВт-дан 1 650 ГВт-ға дейін ұлғайды. Ал осы кезеңдегі жаһандық инвестициялар көп ұзамай 2,6 триллион долларға жетеді. Қазақстанда осы жылдың соңына қарай қуаты 1042 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 87 нысаны жұмыс істейтін болады. Инвестициялардың көлемі 406 миллиард теңгені құрады, – деді А.Мамин. Сондай-ақ қазіргі таңда жел және күн электр энергиясына бағалар төмендеп жатқанын айта келе, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен қолдану үшін олардың дамуын ынталандыратын мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу керектігін тапсырды. Ал Үкімет басшысы өңірлер арасында жаңартылатын энергия көздерінің саны бойынша Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары көш бастап тұрғанын атап өтті. Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде аймақ басшысы Асқар Мырзахметов облыстағы жаңартылған қуат көздерінің әлеуетіне тоқталып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. – Бүгінде облыста қуаты 170 МВт құрайтын 3 жел, 3 күн, 5 су электр стансалары жұмыс істейді. 9 айдың қорытындысы бойынша өндірілген электр энергиясы 320 миллион кВт сағатты құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21 пайызға өскен. Республика бойынша Жамбыл облысының жиынтық қуатының үлесі 18,1 пайызды құрайды және еліміздің өзге өңірлері арасында алдыңғы қатардан көрініп отыр. Бұған қосымша қуаты 234 МВт, құны 118 миллиард теңгені құрайтын 5 жобаның құрылысы жүргізілуде. Атап айтсақ, Сарысуда 100 МВт және Таласта 11 МВт жел электр стансалары, Шуда 100 МВт күн және 5 МВт су электр стансалары, Жуалыда 18 МВт су электр стансасы іске қосылмақ. Шудағы жобалар биылғы жылдың аяғында, қалғандары келесі жылы берілмек. Нәтижесінде облыстағы жаңартылатын электр көздерінің жалпы қуаты 403,45 МВт құрағалы отыр, – деді облыс әкімі Асқар Мырзахметов. Тағы бір айта кетерлігі, жуырда облыс әкімі Асқар Мырзахметов түркиялық «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен кездескен болатын. Аталмыш компания басшылығы өңірімізде 400 мегаваттық күн электр стансасын салуға ниетті. Жаңа жоба жүйелі жүзеге асса аймақ экономикасына тың серпін беретіндігі сөзсіз. Жиында Асқар Мамин Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бірде-бір жаңартылатын энергетика объектісі жоқ екенін айта келе, Әулиеата өңірінің осы саладағы жетістіктігін айрықша атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді