Ағымдағы жылдың алғашқы үш тоқсаны бойынша облыстағы бюджет қаражаттарының игерілуі 99,72 пайызды құрап, ол өз кезегінде республика өңірлері арасындағы облыстың алдыңғы екінші қатардан көрінуіне мүмкіндік берген. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының есептік жиынында айтылды. Жиында облыс әкімі Асқар Мырзахметовке аталмыш басқарма басшылары тоғыз айда атқарылған жұмыстардың қорытындысын баяндап, саладағы өзекті жайттарға тоқталды.
Басқосуда алдымен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова сөз алып, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыста экономика өсімінің негізгі базалық көрсеткіштері бойынша оң даму серпіні қалыптасқанын атап өтті. Айталық, экономикалық өсім бірінші жартыжылдық қорытындысымен 3,3 пайызды құраса, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 105,6 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Инфляция республикалық көрсеткіш деңгейінде орын алып, 103,3 пайызды құраған. Сол секілді өнеркәсіп саласындағы өсім – 5,7, ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің өсімі – 5, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 17,3, халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табыстары нақты 12,2 пайызға артқан. Сондай-ақ басқарма басшысы ҚР Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасындағы меморандумдарымен белгіленген индикаторлардың орындалуына, ол бойынша есепті ұсынуға қатысты хаттамалық тапсырмаларға жан-жақты тоқталып өтті. Меморандумға сәйкес 9 айдың қорытындысымен жүргізілген талдау нәтижесінде 16 индикатордың 2-еуінің жоспарлы мәнінің орындалмау қаупі бар екендігі анықталып отыр. Сонымен қатар облыс әкімі мен аудандар мен Тараз қаласы әкімдері арасындағы белгіленген 27 индикатордың межелі міндеттері сараланып, кейбір көрсеткіштерге қол жеткізуде жұмыстарын ақсатқан жауапты басшылар сынға алынды. Асқар Исабекұлы саланың ауқымдылығы мен маңыздылығын алға тартып, бұл бағытта тұрақты түрде бір ай және тоқсан сайын бақылау, мониторинг ұйымдастырып, бағалау шараларын жүргізіп отыру керектігін алға тартты. Аймақ басшысы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру үшін әркім өз деңгейінде тиісті жұмыстарды ұтымды ұйымдастыруды тапсырды. Есепті жиындағы екінші мәселе бойынша облыстық қаржы басқармасының тоғыз айдағы жұмыстары тыңдалды. Басқарма басшысы Роза Исаева саладағы негізгі көрсеткіштердің көңілден шығатынын жеткізді. Айталық, бюджет деңгейлері бойынша меншікті кірістерінің орындалуы 110,3 пайызға орындалса, кірістер – 41 миллиард 652,2 миллион теңгеге немесе 22,2 пайызға өскен. Бұл орайда меншікті кірістер – 5 миллиард 740,8 миллион теңгеге немесе 13,6 пайызға, субвенция мен трансферттер – 35 миллиард 920,7 миллион теңге немесе 24,7 пайызға артқандығын айтып өту керек. Жалпы, облыс бойынша көрсеткіштер ойдағыдай болғанымен, көзделген межеге қол жеткізбеген аудандар жоқ емес. Жиын қорытындысымен олқылыққа жол берген жауапты тұлғаларға шаралар қарау ұсынылып, жұмыстарын жандандыру бойынша нақты тапсырмалар жүктелді. Аймақ басшысы жыл қорытындысымен қабылданатын шаралар қатаң болатынына назар аудартты.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді