«Деректер базасына» құрылыстағы барлық мәліметтер енгізіледі
- author «Ақ жол»
- 28 қазан, 2019
- 133
Өңірдегі құрылыс барысы қарқынды. Бұл туралы облыс әкімдігі құрылыс басқармасының тоғыз айлық есептік жиынында айтылды. Жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметовке аталмыш басқарма басшысы Жайықбай Шалдаров ағымдағы жылдың алғашқы үш тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыстағы құрылыс жұмыстарының көлемі 83,8 миллиард теңге немесе 109,2 пайызға орындау жоспарланған болса, бүгінде ол артығымен орындалып, көрсеткіш 84,4 миллиард тенгені немесе 114,1 пайызды құраған. Ал пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 395,5 мың шаршы метрді құраған немесе жоспар 100 пайызға орындалған. Қазіргі таңда облыста барлығы 90 нысанның құрылысы іске асырылуда десек, оның 70-інің жұмыстары ағымдағы жылы аяқталуы жоспарланған. Қалған 20 нысан 2020 жылға өтпелі. Бүгінгі күнге дейін 21 нысанның құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылыпты. Басқарма басшысы құрылыс нысандарының «Деректер базасы» құрылып, мәлімет толтырылып жатқандығын жеткізді. Бұған дейін базаға 3945 нысан енгізілсе, оның 3480-і жеке тұрғын үйге берілген, 397 коммерциялық нысандар үшін берілген жер телімдеріне қатысты. Сондай-ақ бюджет есебінен құрылысы жүріп жатқан 68 нысан да кіргізілген. Алайда қала мен аудандар тарапынан мәлімет толық емес және сапасыз беріліп жатқандығын тілге тиек еткен Жайықбай Шалдаров аталған базаны толықтыру бойынша аудандар тарапынан жұмыстардың мардымсыз екендігін ашып айтты. Асқар Исабекұлы өңірде алғаш рет құрылып отырған «Деректер базасының» маңыздылығына тоқталып, ол бойынша жұмысы сылбыр жауапты тұлғаларды сынға алды. Базаға барлық нысан туралы ақпараттар толығымен енгізілу керектігіне көңіл бөлді. Жиында «Нұрлы жер» бағдарламасы, тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы отбасыларды жатақханамен қамту, Қаратау, Жаңатас, Шу қалаларындағы көп қабатты бос тұрған тұрғын үйлерді қайта жаңғырту бойынша қолға алынып жатқан жұмыстар барысы баяндалды. Сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттамалардың бекітілген регламентке сәйкес әзірленуі, олардың даму карталарына сай келуі секілді мәселелер қаралып кемшілікке жол беріп отырған аудандар атап, түстелді. Оларға қатысты басқарма тарапынан шешім қабылдауға ұсыныс берілді. Аймақ басшысы жұмысы жүйесіз аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшыларына ескерту жасап, жыл қорытындысымен қабылданатын шаралар тіпті қатаң болатынына назар аудартты.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді