Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 28 қазан, 2019
- 308
Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясының облыстық филиаланың төрағасы Асқар Мырзахметов саяси ұйымның аумақтардағы жұмыс жүйесін жетілдіріп, Елбасы жүктеген міндеттердің жүзеге асыруда жаңа кадрға сенім артып отыр. Партия филиалы төрағасының жаңа тағайындалған бірінші орынбасары – талай жыл басшылық қызметте шыңдалған Балабек Нарбаев. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітіріп, еңбек жолын «Тас-Өткел» құрылыс мекемелері дирекциясының инженері болып бастаған Балабек Нарбаев әр жылдары «Жәнібек и К» фирмасының, «Сұйытылған газ» АҚ-ның директоры, «Мұнай сауда Ойл» ЖШС мұнай базасының басшысы, №2 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің және жүйке аурулары интернат үйінің директоры болып еңбек еткен. Одан кейін Тараз қалалық мәслихатының хатшысы, Сарысу ауданының әкімі болса, бүгінге дейін облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарып келген Балабек Жанбекұлы партия облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының ұсынысымен, орталық аппараттың келісімімен, партия төрағасы бірінші орынбасарының бұйрығымен осы қызметке тағайындалып отыр. Жаңа басшыны ұжымға аймақ басшысы, облыстық филиалдың төрағасы Асқар Мырзахметов арнайы таныстырып, сәттілік тіледі. Басқосуда Асқар Исабекұлы филиал аппаратының жұмысын ширатуды тапсырды. Жаңа басшы мен ұжымға нақты міндеттер жүктеді. «Азаматтардың мәселесін шешудің жолы – тұрғындармен жиі жүздесіп, олардың өтініш-тілегін тыңдау болса, ол үшін жүйені қалыптастыру керек. Елбасы-Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, біз саяси ұйымның ұзақ мерзімді көшбасшылығын сақтап қалуға тиіспіз. Алда жауапты кезең. Мәжіліс және жергілікті мәслихаттардың сайлауына партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын дайындау жұмыстарын бүгіннен бастау керек», – деді Асқар Исабекұлы. Өңір басшысы тұрғындар өтініш айтып, партия филиалына келмеуі керек, керісінше аумақтық ұйымдардың аппараты соларға барып, ауыл тұрғындарының мұқтаждықтарын біліп, салалық органдарға ұсыныс жасап отыруы тиіс екенін ескертті. Азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартып, табысын арттыру үшін қолға алынған пилоттық жобаны да жүзеге асыруға филиал аппараты да бірлесе атсалысуы қажет дейді филиал төрағасы. Өйткені осы жобаның өзі Елбасы атап көрсеткендей, ел-жұрттың нақты мәселелерін бірлесе шешуді көздейді. Өзекті мәселелердің неден туындап отырғанын зерделеп, оның алдын алуда стратегиялық бағытты негізге алған дұрыс. Себебі көптеген әлеуметтік түйткілдердің шешімі мемлекеттік бағдарламаларда анық көрсетілген. Сондықтан көшбасшы партияның аумақтық филиалдары әртүрлі әлеуметтік топтардың нақты мүдделерін көздеп, ел-жұрттың нақты сұраныстарын өтеуге ұмтылуы керек. Бұл – Елбасы-«Nur Otan» партиясы Төрағасының тапсырмасы.
Ұқсас жаңалықтар
Тараздық Нұрсұлтан туған күнінде таңдау жасады
- 6 қазан, 2024
Қордайлық ақсақалдар дауыс берді
- 6 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді