Облыс әкімі Асқар Мырзахметов түркиялық «Глобал Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдерімен кездесті. Аталмыш компания өкілдері өңірімізде 400 мегаваттық күн электр стансасын салуға ниетті.
Асқар Исабекұлы жергілікті билік инвесторларды барынша қолдауға әзір екендігін жеткізіп, қажетті жағдайлар жасалатынын айтты. Ол үшін алдымен қажетті жер көлемін нақтылап, станса салуға қолайлы аймақты анықтау шараларын жүргізу керек. Осыны айтқан өңір басшысы облыста құрылысы жүріп, жұмыс істеп тұрған жел, күн электр стансаларын мысалға ала отырып, аймақтың баламалы энергия өндіру бағытында айтарлықтай тәжірибесі бар екендігіне инвесторлардың назарын аударды. Өз кезегінде «Глобал Строй» ЖШС-ның құрылтайшысы Булган Ахмет Дюран мен бас директоры Уйгун Эюп Жамбыл облысы күн сәулесі көп түсетін өңір болғандықтан осы өңірге таңдау түсіп отырғанын, салынатын стансаға жел мен күннің қозғалысына ыңғайлы жаңа технологияларды пайдаланатындарын айтып, жұмысты бастауға дайын екендіктерін жеткізді. Сондай-ақ олар болашақта Қазақстанда 8 мың мегаваттық станса салуды жоспарлап отырғандарын тілге тиек етті. Айта кетейік, бұған дейінгі кездесуде тараптар бірлесіп жұмыс жасау жолында ортақ меморандумға қол қойып, келісімге келген болатын.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді