Конституция күні мерекесіне орай облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Конституция – мемлекеттің негізі, тұрақтылықтың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. «Достық үйінде» өткен басқосуға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, кәсіподақ, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени орталықтардың төрағалары, ғалымдар мен саясаткерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дауыл Бейсенқұлов ашып, жүргізді. Басқосу барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университеті заң институтының директоры Қ.Нұрманбетов, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты «Философия және саяси әлеуметтік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Г. Гизатуллина, Ата Заңның саяси, әлеуметтік және қоғамдық маңызының зор екендігіне тоқталып, соның аясында елімізде сан түрлі ұлт өкілдерінің бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп отырғандығын атап өтті. Облыстық мемлекеттік, банк мекемелері қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы О. Есіркепов Конституцияда азаматтардың бірлесу бостандығына құқығы, қоғамдық бірлестіктер қызметінің заңмен реттелетіндігі қарастырылғанын айта келе, Ата Заң аясында демократиялық дамуға даңғыл жол ашылғандығын нақты мысалдармен түсіндіріп берді. Облыс прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау басқармасының аға прокуроры С. Сақыпбекова, облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Ш. Айнақұл, тағы да басқа азаматтар да Негізгі Заңның ел дамуындағы елеулі орны туралы келелі пікірлер білдірді.
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді