Үздіктер марапат талды
Биыл өңірімізде өзіндік елеулі орны бар «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 20 жыл толып отыр. Осы кезеңде серіктестік аяғынан нық тұрып қана қоймай, әлемдік нарықта өз орнын ойып тұрып алды. Қазіргі таңда кәсіпорын өнімін әлемнің 33 мемлекетіне экспорттауда. Сонымен бірге өңір бюджетіне де қомақты үлес қосып отырған өнеркәсіп ошағында бүгінде 6 мыңнан астам адам жұмыс істеуде.
Кеше серіктестік «Баласағұн» орталық концерт залында өзінің айтулы мерекесін салтанатты жағдайда атап өтті. Аталған іс-шараға «Қазфосфат» ЖШС-ның ардагерлері мен жұмысшылары, басқа да қонақтар қатысты. Залға кіре беріс фойеде қонақтарды үрмелі оркестр сазды әуенмен қарсы алды.
Мерекелік іс-шараның шымылдығы «Mezzo» тобының «Туған жер» әнімен ашылды. Одан кейін салтанатты кеште «Қазфосфат» ЖШС-ның директорлар кеңесінің төрағасы Мақсұтбек Есенов кәсіпорынның бүгінгі таңда жеткен жетістігін баян етті.
Кәсіпорын қызметкерлерін айтулы мерекемен облыс әкімі Асқар Мырзахметов құттықтады.
– Еліміздің экономикасын арттыруда химия өндірісінің маңызы ерекше екені айтпаса да түсінікті. Кəсіпорын көз алдымызда өркендеуде. Бүгінде республикамыздағы көшбасшы өнеркəсіптің бірі. Серіктестік 20-дан астам фосфор түрін өндіріп, отыздан астам елге өнімін экспорттап отыр. Олар өткен жылы өңір бюджетіне бес миллиард теңгеден астам салық төлеп, өңірдің дамуына үлес қосты. Сонымен бірге мəдениет пен спорт салаларын да дамытуға үлестерін қосып келеді, – деді Асқар Исабекұлы.
Одан кейін сала үздіктері ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің «Еңбек ардагері», облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен және Құрмет грамотасы, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Сондай-ақ өнеркәсіп ұжымын ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Қосайұлы құттықтап, саланың үздіктеріне министрліктің «Химия өнеркәсібінің үздік қызметкері» төсбелгісін, Құрмет грамоталарын салтанатты жағдайда тапсырды.
Облыстық кәсіптік одақтар кеңесі қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихатты депутаты Мейрамбек Төлепберген, Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев пен Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев химиктерді төл мерекесімен құттықтап, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізгендерді Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен, Тараз қаласы əкімінің Құрмет грамотасымен, Тараз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасы жəне Алғыс хаттарымен марапаттады.
Ал «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров серіктестік қызметкерлерін құттықтап, кәсіпорынның Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарын тапсырды. Сонымен қатар химиктерді кəсіпорынның бөлім басшылары мен шетелдік қонақтары құттықтады. Іс-шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Тараз қаласы.
Марат Құлибаев
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді