«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әлеумет тің әлеуетін арт тыру – басты бағыт

Әлеумет тің әлеуетін арт тыру – басты бағыт
ашық дереккөз
Әлеумет тің әлеуетін арт тыру – басты бағыт

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Мырзахметовтің мақаласы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттырудың» нақты бағыттарын 2018 жылдың 5 қазанындағы Жолдауында айқындап бергені белгілі. Қоғамдағы өзекті әлеуметтік мәселелер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында да лайықты жалғасын тауып отыр. Жалпы, мемлекеттік саясатта сабақтастықтың болуы өте маңызды. Ал біздің елдің халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуының ең басты шарты – ең алдымен экономикамызды дамыту мен әлеуметтік көркею. Себебі мемлекеттің басты капиталы – халық.Сондықтан халықтың ұсыныс-тілегін тыңдап, кері байланыс орнату – біздің міндетіміз. Бір сөзбен айтқанда, Жолдауда Мемлекет басшысы атап көрсеткен басымдықтарды жүзеге асыруға әр қазақстандық үлес қосуға ұмтылуы керек. Құжатта заманауи талаптарға жауап беретін дамудың басты бағыттары айқындалып, Президентіміздің сайлауалды бағдарламасын іске асырудың өзегі ретінде бес міндет белгіленген. Біздің өңірімізде нақтыланған мақсат-міндеттерді орындаудың алғышарттары қалыптасқан. Оң бастамалар қолға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдымен экономикалық өрлеу және әлеуметтік саланың барлық бағыттары бойыша саяси реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру жолдарын табанды түрде және жан-жақты ойластырып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруымыз керек. Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату – біз атқаратын жұмыстың басым бағытына айналуы тиіс. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу аса маңызды. Осы мақсатта елімізде белгілі қоғам өкілдерін қамтыған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылғаны мәлім. Алдағы уақытта өңірдегі Қоғамдық кеңестер де өзекті проблемалардың тиімді шешімдерін табу бағытында жұмыстар жүргізетін болады.

Жолдауда Президент «Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары саналады», – деп ерекше атап өтті. Бүгінгі басты талап та осы – халықпен тиімді кері байланыс орнату. Осыған байланысты алдағы уақытта мемлекеттік органдардың жұмысы азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектеріне заңнама шеңберінде жедел әрі қайта қайырылмайтындай жауап беруіне қарай бағаланатын болады. Сондықтан облыста жергілікті тұрғындар көтеріп отырған мәселелерді зерделеу, халықпен кері байланыс орнату, жергілікті атқарушы органдардың жұмыс тәртібін жүйелендіру және оның тиімділігін арттыру мақсатында арнайы алгоритм бекітілген болатын. Сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдардың интернет кеңістікте жұмыс жүргізуінің тәртібі бекітілген. Бұл ілкі шаралардың нәтижесі бүгіннің өзінен-ақ байқалуда. Елбасы төрағалық ететін «Nur Otan» партиясы бүгінде халықтың сенімінен, үдесінен шыққан халық партиясына айналды. Демократиялық даму бағытын ұстанған мемлекетте барлық бірлестіктердің көшбасшы ұйымға иек артып отыруына болмайды. Сондықтан өңір тұрғындарының мәселелерін шешуде облыстағы басқа да бес партияның филиалдары белсенділік танытулары керек. Мемлекет басшысы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырып отыр. Индустрияландыру картасы аясында іске асырылып жатқан жобалардың дер кезінде іске қосылуы – негізгі көрсеткіштің бірі. Ал оны орындаудың ең тиімді тетігі – индустриялық аймақтар құру екендігі сөзсіз. Өңірімізде осы бағыттағы жұмыстар да нәтижелі жүруде. Атап айтсақ, Шу ауданындағы «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым құрылысы аяқталуға таяу. Тараз қаласының аумағында республикалық маңызы бар индустриялық аймақ құру жұмыстары да қарқын алған. Басты құжатта тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі ретінде айрықша атап көрсетілген. Бәсекелік ортада халықтың әл-ауқатын нығайту мақсатында бірегей жобаларды іске асыру керектігі айқын мәселе. Бүгінде өңірде 84 мыңнан аса шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, оның ішіндегі жұмыс істеп тұрғандары 80,3 пайызға жеткен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайызға артып отыр. Ал «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында биылғы 8 айда 4,5 миллиард теңгеге 290 жаңа жобаның іске асырыла бастағаны – бәсекелестікті одан әрі арттыра түсетіні сөзсіз. Биыл бірінші жартыжылдықта облыстағы 32 мыңнан артық отбасы, яғни 162 мыңнан астам адам атаулы әлеуметтік көмек алды. Әлеуметті қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыты екені белгілі. Сондықтан ел Президенті әлеуметтік бағыттарға – отбасы бизнесін құруға, ең алдымен, көп балалы және жағдайы төмен отбасыларға баса мән бере отырып, бизнеске қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін енгізу керектігін тапсырған еді. Бұл тұрғыда облыста нақты жоспар құрылып, жүргізілген жұмыстардың алғашқы нәтижесі де көріне бастады. Атап айтсақ, облыстағы 376 елді мекендегі 138 347 аула зерделеніп, анкеталар толтырылды. Зерделеу нәтижесі мен тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жобасының тұжырымдамасы әзірленді. Осы жоба аясында халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған 5 бағыт таңдалды. Ол бойынша жалпы құны 46,4 миллиард теңге көлемінде 31 мыңнан астам жобаны іске асыру көзделіп отыр. Алдын ала есептеулерге сәйкес, осы жобаларды іске асырсақ, 90 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Өз бетінше жұмыспен қамтылған және жұмыссыз жүрген 68 мыңнан аса азаматты кәсіпкерлікпен айналысуға бейімдеп, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың санын қысқартуға, ауыл шаруашылығы өнімін 33 пайызға дейін ұлғайтуға мүмкіндік туады. Бір жағынан өңдеуші кәсіпорындардың жүктемесін арттыру да көзделуде. Жалпы құны 7,2 миллиард теңгені құрайтын пилоттық жобаны алдымен өңіріміздегі он ауылдық округте жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бір айта кететіні, бұл қанатқақты жоба Үкіметтен үлкен қолдау тауып отыр. Ендігі кезекте аудан, ауыл әкімдері тиісті басқармалармен бірлесіп осы қаржыларды ауыл тұрғындары табысын арттыруға тиімді жұмсауын ұйымдастырулары тиіс. Қазіргі кезде менің тапсырмам бойынша несиелендірудің алгоритмі әзірленді. Бұл жерде «ауыл әкімі –аудан әкімдігі – облыстық басқарма» деңгейінде үш сатылы жауаптылық белгіленді. Әр жобаның тағдыры біз үшін маңызды. Мемлекет басшысы халықаралық нарықтарда бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды. Енді алдағы уақытта Үкімет деңгейінде өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шаралары әзірленетін болады. Осы орайда облыста қаңтар-шілде айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 145,7 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,9 пайызға артқанын айта кеткен жөн. Оның ішінде шетелдік инвестиция үлесі 14,5 миллиард теңгеге немесе 9,3 пайызға өскен. Жыл соңына дейін 81 миллиард теңгеге қосымша 9 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Жалпы, 2019-2026 жылдары іске асырылатын құны 2,5 триллион теңгені құрайтын 84 инвестициялық жобаның базасы қалыптастырылған. Оның 17-сі шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге аспақ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде 5 негізгі бағыт бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Смарт сити» 2019-2022 жылдарға арналған Жол картасы бойынша 11 бағытта 65 жобаны іске асыру көзделіп отыр. Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз. Жамбыл жері егін өсіруге де, мал баптауға да географиялық тұрғыдан өте қолайлы аймақ. Осы жылдың 6 айында қайта өнделген ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты 5 миллион 790 мың 400 АҚШ долларын құрағаны – соны көрсетеді. Облыста ет өнімдерін дамытудың арнайы картасы әзірленді. 2018-2027 жылдар аралығында ет бағытына бағытталған 3 мың фермер шаруашылығы ұйымдастырылады, шетелден жалпы 36 мың мүйізді ірі қара сатып алу жоспарланып отыр. Осы шаралардың нәтижесінде өндірістік бордақылау алаңдарында өндірілетін сиыр еті 2,7 мың тоннадан 16,8 мың тоннаға, экспорт көлемі 2,5 мың тоннаға жеткізілмек. Өңірдегі суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында жайылымға ауысып кеткен 24 мың 700 гектар жердің 17 мың 100 гектары қайта қайтарылып, егін шаруашылығын қатар дамыту көзделуде. Аймақта құрылған механикалық жасақ (отряд) арқылы 18 мың гектар суармалы алқап қалпына келтіріледі. Сондай-ақ Жолдау аясында 2020-2022 жылдары ішкі істер органдарының 1925 қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайтуға жыл сайын 1 миллиард теңге қарастыру жоспарлануда. «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасының аясында білім саласының 65467 штаттық бірлік қызметкерінің жалақысын көбейтуге республикалық бюджеттен 30,5 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. Мәдениет саласындағы 2197 бірлік қызметкерлердің еңбекақысын 30 пайызға арттыру мақсатында 899 миллион теңгеге тиісті есептемелер жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру – біздің негізгі міндеттеріміздің бірі. Осы мақсатта облыстағы 3 аудандағы Қордай, Меркі, Саудакент сияқты тірек ауылдарында 53 жобаны іске асыруға 2 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражат көлік, ауыз су және газбен қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен қатар, мектеп, аурухана, спорт алаңдарын салуға және жөндеуге жұмсалады. «Дипломмен ауылға» жобасы аясында қаржыландыру көлемін 20 миллиард теңге немесе 35 пайызға ұлғайту жоспарлануы – әлеуметтік мәселелердің шешімі болары сөзсіз. Осы арқылы орта есеппен қосымша 340 миллион теңгеге 91 маманға тұрғын үй салуға немесе сатып алуға несие беруге мүмкіндік туады. Сөйтіп елімізде келер жылдан бастап осы жоба аясында жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру шығындары 35 пайызға ұлғайтылмақшы. Президент Жолдаудың 4-бағытында әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңін айқындап бергені мәлім. Бүгінде облыс бюджеті экономиканы дамыту және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталатынын айта кеткен дұрыс. Мәселен, білім сапасын жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаруалардың бір ғана мысалына тоқталсақ. Өңірде арнайы техникалық, педагогикалық және гуманитарлық бағыттарда кәсіби бағдарланған 3 жоғары оқу орны мен 46 колледж бар. Аталған білім ордаларын бітірген жастардың барлығы жұмысқа орналаса бермейді. Сол себепті оқуға қабылдауды тек сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізуге басымдық беріп отырмыз. Еңбек нарығындағы сұраныс жоғары мамандықтарға балаларды бейімдеу және кәсіби диагностика жүргізу мақсатында «Едтех» (EDTECH) халықаралық білім беру орталығымен арнайы келісімге қол қойылды. Президент Жолдауда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасау міндетін қойды. Бүгінгі күнге облыс бойынша 45 235 мүмкіндігі шектеулі жан бар болса, оның – 6302-сі 18 жасқа толмағандар. Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарында 145 бала және одан бөлек 102 бала стационарлық және жартылай стационарлық үлгіде арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған. Халық денсаулығы қашанда бірінші орында. Сондықтан да, дені сау ұлт тәрбиелеу, оларды спортқа баулуға басымдық берілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша 2364 спорт нысанының 98 пайызы тұрғындардың жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін қолжетімді. Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялады. Жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу, қайырымдылық көмек көрсету жұмыстарына тарту – өскелең ұрпақты тәрбиелеудің негізгі тетіктерінің бірі. Міне, сондықтан осы жұмыстарды жүйелі жолға қою мақсатында «Қамқор» волонтерлік-қайырымдылық жобасы қолға алынып отыр. Осы жоба аясында екі мыңға жуық ерікті 250 мыңға жуық отбасыларын аралап, әлеуметтік сауалнама толтырып, олардың неге мұқтаж екенін саралауға көмектесті. Жоба аясында Тараз қаласында 3 ауданда 9 қайырымдылық дүкені ашылып, 5 сауда орнында тұрмыстық қажеттіліктегі заттарды қабылдауға арналған жәшіктер орнатылды. Волонтер жылын өткізу, олардың санын 2 есеге арттыру бойынша облыстық жоспар әзірленуде. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар да айтарлықтай ауқымды. Осы мақсатта Тараз қаласындағы медициналық колледж базасында «симуляциялық» және облыстық перинаталдық орталығында «оқыту – клиникалық» орталықтары ашылып, 254 қызметкер оқытылғанын айту керек. Тиісті шараларды уақтылы қолға алғанның арқасында өңірдегі міндетті әлеуметтік көмекті сақтандырудың кепілдік берілген көлемі шеңберінде жиналған қаржы қоры 51 миллиард 700 мың теңгені құрап отыр. Облыста тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары да жолға қойылған. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына 17,6 миллиард теңге қаралды. Осы қаржы есебінен биыл 30 көп пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 2175 адамды пәтермен қамту көзделіп отыр. Сонымен қатар 1704 гектар тұрғын үй алқабы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылмақ. Ал 2020 жылға 30 көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуге барлығы республикалық бюджеттен 11,1 миллиард теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. Инфрақұрылым саласында да атқарылып жатқан игі істер аз емес. Облыста 376 елді мекеннің 48 пайызы немесе 181-і газдандырылған. 2027 жылға дейін 196 елді мекенді табиғи газбен қамту жоспарлануда. Одан бөлек, елді мекендердің 53,3 пайызы немесе 199 ауылы орталықтандырылған ауызсумен, 174 ауыл орталықтандырылмаған сумен қамтылған. 2023 жылға қарай таза ауызсуды тұтыну көрсеткішін 100 пайызға жеткізу көзделуде. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында биыл 46 жоба іске асырылуда. Бұл мақсатқа жалпы 9,8 миллиард теңге бөлінген. Қарастырылған қаражат 16 шақырым жаңа жолды салу, жолдардың 6,2 шақырымын қайта жаңғырту, 30 шақырымын күрделі жөндеумен қатар, 340,5 шақырымын орта жөндеуден өткізуге жұмсалуда. Осылайша жыл қорытындысында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 85 пайызға жеткізу межеленген. 2025 жылы облыстық және аудандық маңызы бар осындай жолдардың көрсеткіші 97,5 пайызға жетеді деп күтілуде. Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің жаңаша дамуына жол ашып, әрбір азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Сондықтан Жолдау талаптарын орындау – баршамыздың міндетіміз. Өңірімізде атқарылып жатқан ілкімді істер – соның нәтижесі. Біз көздеген нәтижеге қол жеткізу жолында жұмыла еңбек ете беретін боламыз.

   

Ұқсас жаңалықтар