ҚР Президенті Батыс пен Ресейді санкциялық теке-тіресті тоқтатуға шақырды
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2014
- 512
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Батыс пен Ресейді санкциялық теке-тіресті тоқтатуға шақырды.
«Санкция енгізуді тоқтату аса маңызды. Санкция салдарынан қалыптасып отырған «сауда соғысы» баршамызды тұйыққа тірейді», - деді Минскіде үшжақты кездесу барысында Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысы санкция қолдану елдердің экономикалық әлеуеті әлсірейтініні, одан қарапайым халық зардап шегетінін айтты. Әлеуметтік қысым арту үстінде, бұл әлемдік дағдарыстың жаңа толқынына әкеледі.
«Бірінші кезекте, біз, Еуропа мен Азия зардап шегеміз. Сондықтан біз экономикалық прагматизм қағидаттарында сындарлы өзара тиімді әрекетке көшуге, біртіндеп санкцияны алып тастауды бастауға шақырамыз», - деді Н. Назарбаев. ҚР Президенті сондай-ақ Қазақстан Кеден одағы аясында да, Украина және Еуропалық Одақпен де өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты жалғастыруға және нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
«Сондықтан да біз көпжақты сауда-саттық байланыстарын қалыпқа келтіру жолдарын іздеуге, талқылауға әзірміз», - деп сөзін түйіндеді Н. Назарбаев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




