Қазақстан мен АҚШ аймақтық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі - ҚР СІМ
- author «Ақ жол»
- 27 тамыз, 2014
- 189
Іскерлік байланыстар мен инновациялық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ағымдағы жылғы 20-22 тамызда Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшісі Қайрат Омаров конгресмен Билли Лонгтың шақыруымен Миссури штатынында сапармен болды.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Сапар барысында казақстандық дипломат Спрингфилд қаласының сауда палатасында сөз сөйлеп, жергілікті кәсіпкерлерді Қазақстанның қолайлы инвестициялық ортасымен, шетел компанияларына арналған салықтық жеңілдіктермен, экономиканың басымды даму бағыттарымен таныстырып, елімізде бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Іс-шара Спрингфилд қаласының мэрі Боб Стефенсен мен штаттың заң шығарушы органы өкілдерінің қатысуымен өтті.
Сол күні Елші Қайрат Омаров Миссури мемлекеттік университетінде Қазақстанның егемендік алғанынан бергі табысты дамуына тоқтала өтіп, "Қазақстан-2050" Стратегиясы аясындағы болашаққа деген жоспары жөнінде дәріс оқыды. Сонымен қатар, университеттің оқытушылар құрамы мен студенттерге "Болашақ" бағдарламасы жөнінде айта кетті.
Джоплин қаласының сауда палатасында да қала мэрінің қатысуымен осындай іс-шара өткізілді.
Сондай-ақ сапар барысында Қазақстанмен ынтымақтасуға қызығушылық білдірген компаниялар жетекшілерімен және ауыл шаруашылығы, машина жасау, хай-тек салаларындағы көшбасшы кәсіпкерліктердің басшыларымен кездесулер өтті.
Өз тарапынан, конгрессмен Билли Лонг Миссури штатының Қазақстанның аймақтарымен жұмыс істесу мүмкіндігін жоғары бағалай келе, жуық арада елімізге келуге ниет білдірді.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді